- 266 -
Хикмет
баспа үйі
Қазіргі таңда еліміздің тәуелсіздігі, бірлік-берекесі, тілі,
ділі мен діні үшін күресіп, жандарын пида еткен азаматта-
рымыздан қалған жетімдерімен, жанұяларымен, әлемнің
түкпір-түкпірінде қиналып жатқан мұсылман бауырла-
рымызбен қалай құшақтасып, олардың айттарын қалай
құттықтасақ екен?!
Осы айт меркелерінде қанаты сынған жаралы құс се-
кілді ортада иесіз қалып қалған жабырқаулы, қайғылы
адамдарымызға, көңілі жалыққандарға, жетім-жесірлерге,
мүгедектерге құшағымызды қалай ашып, қол ұшымызды
қалай созсақ екен?!
Олардың бір рет күлімсірегені - біз үшін шынайы айттың
кешеті болып, бізді көктемнің қуанышына же кізеді. Сон-
дай-ақ, Мәснәуиінде Мәуләнә былай дейді:
«Егер сенде көңіл болса, көңіл Қағбасын тауап қыл.
Топырақтан жасалған деп, ойлап журген Қағбаңның негізгі
мағынасы - көңіл».
«Хақ Тағала кірден тазарып, арылған көңілге қол жет-
кіз, деп көзбен көрініп, білінетін Қағбаны тауап етуді саған
парыз етті».
Мұңлы Юнус Әмрә нендей керемет айтқан:
«Көңіл - Құдайдың тағы,
Құдай көңілге бақты.
Екі жаһан бетпағы,
Кім көңіл қалдырған болса».
Басқа бір шумағында былай дейді:
«Юнус Әмрә дейді, ей, молда! Қаласаң мың рет бар,
қажылыққа. Барлығынан артығырақ, Бір көңілден
шықсаң!»
Мұсылмандардың жүрегі мен тамыры бір адамның
жүрегі мен тамырындай болуға тиіс.
Айт мерекелерінің ақиқатына тек жәрдемдесудің
қуанышымен жақындай аламыз.