Previous Page  271 / 282 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 271 / 282 Next Page
Page Background

- 272 -

Хикмет

баспа үйі

и

ү

«Аллаһқажақын кісі тәні себебінен азап ішінде. Өйткені,

оның рух құсы өз жынысына кереғар болған нәпсімен бір

жерге байланған».

«Рух - құстар арасындаеы бұлбұл секілді. Табиғат

сияқты болган нәпсі болса, ол - қарға. Сол бұлбұл қарға мен

байғыздан жараланады. Бір жерде болудан зардап шегеді».

«Рух деген бұлбұл сол өзімшілдікке салынған нәпсі де-

ген қарғалар мен нәпсі деген кем көзді байғыздар арасында

аһілеп-үһілейді».

Аят кәримәда:

«Өз рухымнан үрлеген әлетте..»

(Хижр,

29) делінген. Рух Бұл тән қапасына Раббысынан кел-

ген. Мұның қалай келгені адам түйсігінен тыс, беймәлім

жағдай. Адам санасының бір түкпірінде келген әлеміне де-

ген сағынышымен бейімі бар. Ол азат емес, тән абақтысында

қамаулы. Дүниедекелгенрухтар әлеміне деген сағыныштың

қасіретімен алай-түлей өмір сүруде. Осы жырақтық пен

қасіретке «уасыл-ы илаллаһ» болғанша жалғасады. Сол

сәтке дейін алдында ылғида нәпсі бөгеті тұрады. Бала-шаға,

мал-мүлік, мансап, абырой мен атаққа жету, сондай-ақ

бұларды нәпсі қалауларына қарай бағыттау - бұл дүниенің

құр жұбанышы мен алдамшы ойыншықтарынан тұрады.

Адам нәпсі бейімдерімен өзіне бір қиял әлемін қүрып ала-

ды. Өзін сонымен жұбатады. Мыңдаған қорқыныш пен үрей

- уәсуәсәға толы ғұмырын тауысады.

Рухтың нәпсіге қарағанда тәндегі жағдайы жүпардың

есектер арасындағы жағдайы іспеттес. Жұпар бөгделердің

қасында қалай ғаріп болса, рухтың өзі де солай, бұл тәнде

аласапыран күндердің ғаріптігі мен сынағы ішінде.

Рухтың қамқорлығы нәпсінің өзімшілдігінен қиналады.

Осы екі қарама-қайшылық адамның өмірінде ортақтасып,

өмірлерін жалғастырады, әрі, жандықтарын бір-бірімен

үнемі күрес арқылы сақтап отырады.

Бұл хикаяны басқаша бір көңіл терезесінен естіп,

бағалағанымызда, нәзік, үлы жаратылыстағы кәміл