- 270 -
Хикмет
баспа үйі
Біз терең, жалпылай түсіндіріп келе жатқан шындықты
бұл тұжырым-ды мысал арқылы халық қарапайым жолдар-
мен көркем түсіндіреді.
Бірақ, бұдан да көркемін Мәснәуидегі бір хикаядан
оқимыз. ХазіретіМәуләнә (құддисә сирруһ)жаратылыстағы
бұл хикметті былай түсіндіреді:
Аңшының бірі ұстап алған жұпарын өгіз бен есекке толы
қорасына қамап қойған еді. Жұпар сасқалақтап, қораның
бір ана жағына, бір мына жағына қашып тұрды. Аңшы кеш
батарда келіп, хайуандардың алдына сабан төкті. Есектер
мен өгіздер сабанға бас салып, күшті тәбетпен жей баста-
ды. Жұпар болса, бір үркіп, бірде сабаннан шығып, көзіне
кірген шаңның себебінен көзін уқалады. Осылайша, қарны
әтірге толы, нәзікжануар қорада зұлымдыққа тап болған-
ды. Есектің біріоны мазақтап, басқа есект рге былай деді:
«Тыныш тұрыңдар! Бұл - патшалар мен билердің міне-
зіндегі бір хайуан!».
Басқа бір есек болса:
«Олай болса, бұл хайуан сыпайылықпен, патшаның
тағына шығып, жантайып отырсын!», -деді.
Сонда болған-біткенге қарап тұрған басқа бір есек
жұпарды сабан жеуге шақырды. Жұпар:
«Ей, тәбетім жоқ!» - деп, бармады. Есек айтқанынан
қайтпай: «Назданып тұрғаныңды білемін!», - деді. Осы
жолы жұпар есектің бұл сөзіне:
«Мен көгал жерде, мөп-мөлдір аққан сулардың
жағасында бау-бақшаларда жүретінмін. Сол жерлердегі
иләһи құдіреттің өрнек-нақыштарын тамашалайтынмын.
Тағдырым мені бұл азапқа сүйреген болса, қалай менің
рухым кенеттен ауысады!? Мен сүнбілдің, жауқазынның,
райханның өздерін иіскей отырып, жейтінмін. Табиғаттағы
иләһи құдірет ағыстарын қайран қалып, тамашалайтын-
мын. Және де бұл қайрандық көкжиегінде қанат қағып
жүргенде, аңшылар бізді Бұлақ бастарында көңіліміз бен