- 274 -
Хикмет
баспа үйі
үй
арасында үздіксіз бір тартылыс заңы бар. Бұлбұл көгал
жерлерден, әуендеткендей аққан бұлақтарды ұнатқанда,
құрттар нәжістіктен, яғни, ахлақсыздықтан, фитнә мен
Бүлікшіліктен ләззат алады. Бұл жағдайды шырайлы ра-
ушан хал тілімен нәжістік құрт-құмырсқаға үндеп, былай
дейді:
«Ей, нәжістің құрты! Раушан бағынан қашасың, бірақ,
сенің осы жиіркенішің - гүлстанның көркемдігінің дәлелі».
Бұл белгілі қасиеттер жақсылық пен жамандық
арасындағы иләһи тепе-теңдіктің нәтижесі. Мінеки, Аллаһ
достары жыныстар арасындағы тартылыс деңгейін, әзәлдік
(ежелгі) ғашықтық пен таныстық деп, сипаттайды және
мүкәррәм (ең әдемі кейіп) жаратылып, бірақ, кейін әсфәли
сәфилинге түскен адамның негізгі деңгейі мен орнына же-
туін қамтамасыз етуге күш-жігер жұмсайды.
Мыңдаған бәлекет, машақат, қайғы-шер мен күйзеліс
айқайларына толы осы дүние өмірінде мәңгіліктің есігін
ашатын жетістіктің қуанышына тек кәміл, ариф тұлғалар
болған салихтармен бірге болудың арқасында ғана жетіледі.
Мәңгілік әлемге тән - рухтың қабілеті, осылай күнжарығын
көріп, фәни әлемге тән - нәпсінің азабынан өзін құтқарып
ала алады. Сондықтан көңілді ғапылдардың мәжілісінен
сақтауға зәрулік бар.
Хазіреті Мәуләнә (құддисә сирруһ) Бұл шындықты баян-
дау ретінде былай дейді:
«Құс тек өз жынысымен ғана ұшады. Өз жынысынан
болмағандармен кездесіп, тілдесу - бейне бір мазарға кіру
сияқты».
«Әр жыныс өз жынысына тартылып тұрса, бір нәзік
жұпар есек пен өгіздердің ар сында қалай өмір сүре ала-
ды?».
Бірге болу жағдайының барлығы бірдей өмірдің бір-
дей ойы мен түсініктері шеңберінде іске асады. Бір-бі-
ріне қарама-қайшы өмір сүргендер мәжбүрлікпен бірге
болғанның өзінде, өлімнен ащы азаппен қиналады.