Хикмет
баспа үйі
- 273 -
адамдардың надан әрі дөрекі адамдар ішінде елім азабынан
да ауыр қайғыға душар болғандарын көреміз.
Бұл қиындыққа ең көп пайғамбарлар, сонан соң олардың
жолын қуған даналар тап болған. Кей уақыттарда надандар
арасында ешкімі жоқ ғаріптер болып өмір сүрген. Пұтқа
табынушыларға қарсы тәухид жалауын ашқан Хазіре-
ті Ибраһим (аләйһиссәләм) бір орасан отқа лақтырылды.
Юсуф (аләйһиссәләм) бауырларының ішінде болғанның
өзінде жалғыздыққа итермеленіп, өз отанынан алыста
жалаға тап болып, бір мезгіл зынданда ғаріп болып, өмір
сүруге мәжбүр болған. Бір залым қауым алдында Исрайл
үлдары Хазіреті Мұсаны жалғыз тастап: «Ей, Мұса! Сен
Раббыңмен бірге соғысқа бар да, соғысып, жең! Онан соң біз
сенің артыңнан келмекпіз!» дескен, Және де зүлымдыққа
ұшыраған Зәкәрия (аләйһиссәләм) азғын еврейлер тара-
пынан арамен екіге белініп, үлы Яхия (аләйһиссәләм) да
жауыздықпеншейіт етілген. Хазіреті Мәсих (аләйһиссәләм)
ұрылармен бірге сотталған. Әлемнің мәңгі мақтанышы
Пайғамбар (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) Мырзамызға
Тайфта бетпақтар тас лақтырған. Мұндай мысалдарды тағы
да көбейтуге болады.
Олар бұл жағдайға өздеріне Аллаһ тарапынан берілген
күшті сабырлықпен төзген, сөйтіп, ұлы мәртебеге жеткен.
Кейде Хақ Тағала салихтарды қорғау үшін өз қарамағына
алған.АсхабКәһфбірқара бетқауымішіндеболғандарынан,
үңгірде қорғауға алынып, үйықтатылған. Сірә, ғапылдар
арасында болғанша, үйықтау тым абзал. Сондықтан Асхаб
Кәһф тек салих қауым пайда болғанда ғана оятылған.
Хазіреті Мәуләнә (құддисә сирруһ) арифтерді бұлбұлға
ұқсатып, жаман рухқа ие адамдармен үйлесулерінің мүмкін
еместігін былай баяндайды:
«Бұлбұлдардың отаны - көгал жерлер мен гүлстан. Құрт
пен шаянның отаны болса, нәжістік пен қоқыстық орын-
дар».
Әлемде жыныстар мен олардың қоршаған орталары