- 276 -
Хикмет
баспа үйі
АНА ТУРАЛЫ
«Ана ақысына назар аудар! Оны төбеңде тасы!
Сірә, аналар тууда қиналмаса, балалар дүниеге
келуге жол таба алмас еді».
Хазіреті Мәуләнә
Әр жандының әу бастағы бірдей қасиеті - әлсіздікпен
дүниеге келуі. Осыған орай олардың бұл әлсіздіктерінен
қүтылып, кемелдікке қарай ілгерілеулері үшін мейірім мен
жанашырлыққамұқтаждығыбар.Ағаштыңбүршіктенуінен
адам баласына дейін күллі жандыларда жағдай бірдей.
Жанашырлық пен мейірбандық ең керемет түрімен
аналардың көңілінен орын тепкен. Адамзаттағы аналық
қасиеті ешбір мақлұқаттан кездесбейтіндей және олармен
салыстырыла алмайтындай дәрежеде жоғары. Өйткені,
адам баласының тек заттық болмысына емес, сонымен қатар
оның рухына ұсынылатын түңғыш қорек анада көрініс та-
бады. Ана - әлемнің Раббысына ең жақын болу қабілетімен
жабдықталған - адамды туады. Пайғамбарлардан бастап, ең
әлсіз адамға дейін бүкіл адамзат алғашқы заттық һәм руха-
ни қорегін анасынан алады. Аналар - Жаратушының ұлы
мархабатынан ең көп үлес алған тіршілік иелері.
Сонымен қатар аналық ұғымы бір өзі басына нөмірсіз ке-
зілдірік іспеттес. Шаянның өзі баласын арқалап жүргенде,
туған баласын әрқандай бір себеппен, апарып бір бұрышқа,
саябағына тастап, ұжданынан айрылған ананың өзі - ана,
ал, көтеріп туған баласын өмір сүрген бойы мейірбандығы,
жанашырлығымен құшақтап, қорғаған ананың өзі де - ана!
Әйелдердің бақытты салтанаттары адал да ерекше ана бо-
луларынан бастайды. Әсіресе: