Хикмет
баспа үйі
- 281 -
ас
нұрынан жамылып, жарқырап тұрған еді. Ақ түсті киімді
жақсы көретін. Қазір ішінде болған ақ болса, өзгеше бір
ақтық еді. Бейне бір Оған ақиреттің Вұслат күлімсіреуіндей
еді. Артта қалғандарына, сол ақ ішінде:
«Сәлем болсын!»
- деп жатқандай еді.
Ол - менің 04.03.1997 күні жерлеп, Аллаһтың рахметі-
не тапсырған анам еді. Менің анашым еді! Менімен бірге
барлық мүминдердің қайғысы мен қуанышын ортақтасып,
бөліскен баршамыздың анасы еді.
Уа, Раббым! Ол - өкеммен бірге мені кішкентай кезім-
нен бастап, қалай тәрбие еткен болса, Сені танытып, Сенің
жолыңа бағыттаған, сондай-ақ Сенің достарыңды сүйдірген
болса, Сен де кеңшілігің мен жақсылығыңмен ата-анамды
мархабатыңа қарық қылғайсың!
Бұл шығарманы оқыған мұсылман бауырларымыз-
ды жүрекгері иләһи нұрға толып, жарқыраған, мағрифат
теңізінен нәсібін алған, ілтипатың мен жомарттығыңның
керіністеріне жеткен құлдарыңның қатарына қосқайсың!
Ей, мейірімділердің ең мейірімдісі Раббым!
Әмин!
Оларды таныған немесе мына қарапайым жолдар
арқылы танитын барлық мүминдерден олардың азиз рух-
тарына фатихалар бағыштауын өтінемін!