Хикмет
баспа үйі
- 261 -
өзін түсіндірді, бірақ бұл хал соңында іске асатын еді. Хазі-
реті Мусаның алатын сабағы өз орнын танып, сабыр дәрісін
алу еді. Яғни Хазіреті Мүсаға:
«Менімен бірге болу үшін сабыршылық ету сенің
қолыңнан келмейді. Сондықтан сен бұл мәселеде үзірлісің.
Өйткені бұл ілімнің кәміл түрі әлі саған берілмеген», - деген
еді. Мұса (аләйһиссәләм) былай деді:
«Иншаллаһ, мен сабыр етемін. Сенің ешқандай ісіңе
қарсы келмеймін».
Қызыр (аләйһиссәләм):
«Егер маған көнетін болсаң, мен саған сырымды айт-
пайынша, ешбір нәрсе жайлы менен ештеңе сұрама! Яғни,
таласуды былай қойғанда, түсіну үшін де сұрама!» Демек,
басқа ілімдерде мәселені ашатын білімнің жартысы сұрақ
болса, бұл ілімде оған тиым салынады. Бұл жерде шәкірттің
нәпсісі іс-әрекет емес, кебінесе қабілетке әзірленеді.
Хазіреті Мұсаның өмірінде бұл ілімнің оған тек қана
Қызырмен (аләйһиссәләм) жолығудың нәтижесінде ғана
емес, әр түрлі себептер арқылы берілгендігін көреміз.
Осыған байланысты бірнеше мысал келтірер болсақ:
Мұса (аләйһиссәләм) Мысырда жүргенде Исрайл
ұлдарына Перғауынды жоятын болса, оларға «Тәуратты»
алып келетіндігін уәде етеді. Перғауын жойылған соң,
Аллаһтан Тәуратты беруін сұрайды. Оған отыз күн ораза
ұстауды, сосын он күн тағы қосып ұстап, қырық күнмен бі-
тіруді әмір етті.
Хазіреті Мұсаның Тур тауында қырық түн қалуында мы-
надай ишараттар бар:
Әулиелер түн сияқты қараңғы қиыншылық сәттерімен
жапа шеккеннен кейін ғана мағрифат таңына жете алады.
Барлық жетістік таңы қиын түндерден кейін болады.
Мұса (аләйһиссәләм) Тур тауында үзбей ауыз ашарсыз
отыз күн ораза ұстады. Қарны ашқан да жоқ, шөлдеген де
жоқ. Сосын Қызырмен (аләйһиссәләм) кездесу үшін сапарға