Previous Page  258 / 282 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 258 / 282 Next Page
Page Background

Хикмет

баспа үйі

- 259 -

алдында «қорқыныш (хауф)» халінде болғандықтарын біл-

діретін риуаяттар көп.

Юсуф Әсбат Хазіреті «еш болудың» бір түрі болған

қарапайымдылықты кәміл түрде .ұстануды былай

түсіндіреді:

«Таңертең үйден сыртқа шыққаныңда кімге жолықсаң,

оны езіңнен жоғары көргейсің. Қарапайымдылық дегені-

міз кім саған хақ нәрсе айтса оны қабылдағайсың да сенен

төменгілерді өзіңнен жоғары санағайсың. Шам сияқты

жұмсақ болғайсың. Түйе сияқты жетекке жүргейсің. Сені

мақтаушы мен жамандаушы бірдей болсын. Әрбір істе

Аллаһқа бет бұрғайсың, басыңа келген жақсылыққа да,

жамандыққа да шүкіршілік еткейсің.

Ариф - өзіне келген жақсылықты, сый мен ізгілікті

Хақтан деп біліп, кемшілікті нәпсісінен көрген адам...

Құлдың адалдығының (туралығының) белгісі - көңілі ті-

лімен, жүрегі іс-әрекетімен бірге болғаны».

Хазіреті Әбу Бәкір (радиаллаһу анһу):

«Әттең, құстар шоқыған бір құрма түйірі болсам!»

Хазіреті Омар (радиаллаһу анһу) болса:

«Әттең, от болсам! Шіркін ештеме болмасам еді!» - деген.

Аммар бин Ясир Куфа мешітінде:

«Мен куә боламын, ол осы дүниеде де, ақиретте де Аллаһ

Расулының жүбайы» - деген Хазіреті Айша (радиаллаһу

анһә):

«Шіркін, мына ағаштағы бір жапырақ болғанымда!» - де-

ген.

Және Хазіреті Әбу Бәкір (радиаллаһу анһу) Ниса

сүресінің:

«Кімде-кімжаман іс істесе, жазасын тартады!»

- (123 аят

кәримә) мағынасындағы аят кәримә түскен кезде қатты ді-

рілдеп, Аллаһтан қорыққандығынан:

«Белім сынғандай болды, бүктісіп қалдым!.» - деген бо-

латын.