- 252 -
Хикмет
баспа үйі
Хазіреті Мұсаның сипаты - Кәлимұллаһ (яғни Аллаһпен
сөйлесуші). Аллаһ Тағала Хазіреті Мұсамен тілдескен кез-
де өзінің ежелгі «кәләм» сипатымен сөйлесті. Оның ешбір
сипаты жаратылғандардың сипатына ұқсамайды. Ол бі-
леді; оның білуі, біздің білуіміз сияқты емес. Құдірет иесі
ол да біздің құдіретіміз сияқты емес. Ол сөйлейді, біздің
сөйлескеніміз сияқты емес! Біз, тіл сияқты құралмен
сөйлейміз. Аллаһ (жәллә жәләлуһу) бұдан пәк. Әріптер
жаратылған нәрсе. Аллаһтың сөзі жаратылмаған. Әріпсіз
және құралсыз болады. Мұса (аләйһиссәләм) Аллаһпен
(жәллә жәләлуһу) тілдескен кезде қасындағы 70 адам мен
Жәбірейіл (аләйһиссәләм) бұл тілдесудің парқына барып
түсіне алған жоқ.
Хазіреті
Мұса
(аләйһиссәләм)
бұл
тілдесуден
ләззаттанғаны соншалық - дүниеде ме, әлде ақиретте ме,
қайда екендігін ұмытып, мастықпен:
«Уа, Раббым! Маған өзіңді көрсет!» - деді.
Оның талабына Аллаһ Тағала:
�ِ��َ�َ�ْ �َ�
- Сен мені ешқашан кере алмайсың?» - деді.
Аллаһ Тағаланың бұл сезін әулиелер былай түсіндіреді:
«Ей, Мұса! Сен сен болып тұрғанда мені көре алмайсың!
Бірақ, нәпсіңді тастап, мендігіңді жойған кезде ғана мені
көре аласың. Ол кезде көретін сен емес, мен боламын.
Өйткені ол кезде сен менде боласың!»
Хазіреті Мұсаның (аләйһиссәләм) бұл ұсынысы оның
көңіліндегі Аллаһқа деген ғашықтығы мен махаббатынан
туындағанеді.Олкөктегі айдыңжарығынкөргендешабытқа
мініп, масаттанып, ұлғайып-кішірейген дария сияқты еді.
Сондай-ақ бұл ғашықтық халі Хазіреті Мұса тұрған тауды
теңселтіп қарсы алдындағы тау болса, ғашықтық сырынан
алған кішкентай пайымен жарылуына себеп болған. Сол
сияқты Хазіреті Идрис пен Хазіреті Исаның (аләйһиссәләм)
әртүрлі себептермен көкке көтерілуі де осы көрініс арқылы