Previous Page  250 / 282 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 250 / 282 Next Page
Page Background

Хикмет

баспа үйі

- 251 -

тін содан үйренбек болды. Сөйтіп, аталмышмәшһүр сапарға

шығады.

Мәуләнә (құддисә сирруһ) бұл оқиғаның ғибратты және

хикметті жағына назар аударып былай дейді:

«Ей, Кәрим (абыройлы, жомарт) адам! Бұл рухани ынта-

ны «Кәлимұллаһ» болған Хазіреті Мусадан көр! Қара Мүса

(аләйһиссәләм) не дейді:

«Осыншама мәртебеге ие болсамда өзімдікәміл сана-

маймын. Одан ары рухыма жарық беретін Қызырды іздеп

жүрмін».

Хазіреті Мұса, Қызырды іздеуге кіріспек болғанда, оған

қауымы айтты:

«Ей, Мұса, сен қауымыңды тастап, сенен де төмен

дәрежедегі бір адамның ізіне түстің!»

«Алайда, сен «қауіп пен үміттен» құтылған пайғамбар-

сың. Ендіне болады. Қанша уақытқа дейін іздемексің?»

«Іздеген нәрсең өзіңде... ійұны сен де білесің. Ей, көкпен

таласқан үлық пайғамбар! Жер бетінде қашанға дейін осы-

лай кезбексің?»

Мұса (аләйһиссәләм) қауымына:

«Өтінем Күн мен айдың жолына кедергі жасамаңдар!

Мен-пайғамбарлықтың айымын, Қызыр болса - әулиеліктің

күні. Яғни менен де жоғары пайғамбарлар бар. Қызыр болса

әулиеліктің ең жоғарғы мәртебесінде» - деді».

Хазіреті Мұса сөзін жалғап, былай деді:

«Мен дәуірдің сұлтаны болған бір әулиемен сұхбаттасу

үшін екі теңіздің қосылған жеріне кетіп барамын».

«Ақиқат пен мағрифатқа жету үшін Қызырды дәнекер

етемін. Сол үшін де ұзақ жол жүремін. Себебі, онымен

жолығуым керек».

«Талап пен тәуекелге мініп, жылдар бойы ұшамын. Жыл

деген не, мыңдаған жыл жүрсем де оны іздеп табамын. Бұл

сапар сол гауһарды табуға татымай ма?»