Previous Page  243 / 282 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 243 / 282 Next Page
Page Background

- 244 -

Хикмет

баспа үйі

дұрыс жолдағылар мен салихтарды; күпір - кәпірді, иршад

(тәрбие) - иршадқа талаптыны тартады. Бұл тартылыс заңы

- руханиятта және материяда, жақсылық пен жамандықта

барлық шамасымен үкімін жүргізеді.

Расулұллаһ (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) осыған байла-

нысты былай дейді:

«Рухтар жүйелі әскерлер сияқты. (Рухтар әлемінде)

бір-бірімен танысқандар дүниеде бірлеседі; бір-бірін

жатырқағандар қайшылыққа түседі».

Сықақшылық

жасап,

айналасындағы

адамдарды

күлдіретін меккелік бір әйел һижрәттен кейін сәйкестіктен

Мәдинада тағы өзі сияқты әзілімен атағышыққан бір әйелге

қонақ болуын, осы тартылыстың тамаша бір үлгісі ретінде

қарауға болады.

Малик бин Динар былай дейді:

Бір күні бір адамға сәлем бердім. Менің атымды айтып,

сәлемімді алды. Таң қалып:

«Мені бұрын көрмесең де қайдан таныдың?» - деп

сұрадым.

«Рухым, рухыңа рух әлемінде таныс болғандықтан сені

маған Раббым танытты» - деді.

Уәйсал Қарани (құддисә сирруһ) да, езіне сәлем берген

адамға, атын айтып, сәлем қайтарады. Адам:

«Менің Херим бин Хайям екенімді қайдан білдің?» - дейді.

Сонда Уәйсал Қарани:

«Рухым рухыңды таниды» - деп жауап береді.

Хазіреті Әлиге бір әйел келіп:

«Кішкентай ұлым үйдің төбесіне шығып, шетінде тұр.

Шақырсам, келмейді, онда қалдырсам, жерге құлап, өледі!

Не істейін ?» - дейді.

«Ей, әйел, езі сияқты бір баланы төбеге шығар.

Оны көргеннен кейін қасына келеді. Сен сол кезде оны

құтқарасың!» - деді.