Хикмет
баспа үйі
- 239 -
ӘЛЕМДЕГІ БІРЛІККЕ ДЕГЕН БЕЙІМДІЛІК
«Егер Бұл әлемдегі нәрселер көңіл әлеміндегі
қуаныш рахатының шағылысы болмағанда,
Аллаһ Тағала бұл қиял әлемін алданыш орны
деп атамайтын еді».
Хазіреті Мәуләнә
Хазіреті Мәуләнә "нәпсіқұмарлық" және "руханият" деп
аталған, бір-біріне қарама-қайшы екі ұғымның бір-бірімен
күресінжәне әрқайсы бағынған тартылысты әртүрлі мысал-
дармен түсіндіріп, руханиятын дамытқысы келгендердің
тек қана шынайы ғашыктықтың арқасында мақсатына
жете алатындығын төмендегі хикаяда былай түсіндіреді:
«Мәжнүн Ләйләнің жолға шыққанын естиді. Сосын
түйесіне мініп, Ләйлә баратын ауылға асығыс жол жүреді.
Жаңа туған ботасы бар түйенің көзі артта қалған бота-
сында. Мәжнүн түйенің үстінде ұйықтай бастаған кезде
түйе дереу ботасы жаққа бүрылады. Мәжнүн сезіп қалады
да, дереу түйені Ләйләнің аулына қарай бүрады. Осылайша
бірнеше рет қайталанады».
«Өйткені Мәжнүн Ләйләға қауышуға ынтық, түйе бол-
са ботасының қасына баруға ынтық».
«Кешке қарай Мәжнүн қайда келгендігін білу үшін ай-
наласына қарайды. Ілгері-кейін жүріп, таңертең жолға
шыққан жерде екендігін, бір қадам алға жүрмегендігін
көреді. Сол кезде Мәжнүн түйеге дауыстап:
«Ей, түйе! Сен ботаңа ғашықсың, мен Ләйләма!
Сондықтан екеуміздің де жолымыз екі түрлі. Сен менің
жолыма кедергі боласың, мен сенің жолыңа! Біз бұлайша