- 240 -
Хикмет
баспа үйі
жолдас бола алмаймыз. Сен фәни бір тәнге ғашықсың,
мен мәңгілік бір жанға... Бөлінуіміз керек!»
- дейді.
Бұл хикаядағы Мәжнүн дегені - «сұлтани рух», ол
Аллаһқа ынтық. Түйе дегені - «нәпсі». Ботасы - «әуестіктер
мен әуесқойлық» деп аталатын дүниенің ләззаттары.
Бұл хикаяда бір-біріне қарама қайшы екі мәжнүн, яғни
руханият пен нәпсіқұмарлық бірлескен. Екеуінің күресі
тәмсіл түрінде баяндалады.
Хазіреті Мәуләнә (құддисә сирруһ) осы хикаяға байла-
нысты кейбір жолдарында мынадай салыстырма жасайды.
«Руханиятпен нәпсіқумарлықМәжнүнмен оныңтүйесі
сияқты, бірі алға, екіншісі артқа кеткісі келеді».
«Мәжнүннің бір сәттік ғапылдығы, түйені ботасына
қарай бұрады».
«Мәжнүннің тәні Ләйлаға деген ғашықтық пен
ынтықтыққа толы болғандықтан, Мәжнүн уақ-уақ ерік-
сіз қиялға шомылып, есінен танады».
«Оған
жол
көрсететін
ақыл
болса,
Ләйләға
ынтықтығына көмілген».
«Бірақтүйе, яғни "нәпсі", мұқиятәрі осысәтті ұтымды
пайдаланып Мәжнүннің қиялға батқан кезінде ботасына
(әуестігіне) бет бұратын».
«Рухжоғарыкөтерілу үшінқанатқақса, нәпсітырнағы-
мен жерге жабысып, мына фәни дүниеден айырылғысы кел-
мейді».
«Ақыры Мәжнүн түйеге қарап:
«Ей,түйе!Екеуміздіңғашыктығымыз бір-бірінеқайшы...
Олай болса, бұл жолда жолдас бола алмаймыз. Сенімен бірге
болсам, рухым Ләйләдан алыс қалады...» - дейді.
«Мұса қауымының Тих сахрасында қалғаны сияқты
мен де сенімен осы жағдайда өмірім өтті».
«Ей, түйе! Негізінде қауышуға баратын жол - екі-ақ
қадам. Сенің қулығың мені қаншама жыл қауышудан
мақрұм етті. Алайда, жол өте жақын еді».