Хикмет
баспа үйі
- 227 -
Алпарслан 1071 жылы Малазгирт соғыс майданына кір-
мес бұрын аппақ киімдер киіп:
«Бұл менің кебінім!» - деді. Яғни өзін әлем абыройына
емес, ынта мен толқыныспен шейіт болуға әзірленді. Оның
ықыласы өзінен бес есе көп әскер қолы бар Ромен Диогенді
жеңіп шықты. Әскерлеріне соғысқа кірмей тұрып, мынадай
қысқаша үндеу жасады:
«Не жеңіске жетіп, мақратыма жетермін; немесе шей-
іт болып жәннатқа кетермін. Сендерден кім маған ергісі
келсе, ерсін. Ергісі келмегендер кетсін! Бұл жерде әмірші
Сұлтан мен әмірге көнуші әскер жоқ... Сірә мен бүгін мен
сендердің қатарларыңдамын... Сендермен бірге соғысатын
жауынгермін... Менің артымнан еріп, өздерін ұлы Аллаһ
жолына атап, шейіт болғандар - жәннатқа; аман қалғаңцар
- батырлыққа қауышады. Бөлек кеткендерді ақиретте от,
дүниеде бейшаралық күтіп түр».
Османлы мемлекетінің негізін қалаушы Осман Ғази
қайтыс болар алдында ұлы Орхан Ғази мен оның ұрпағымен
жалғасатын620жылдықИсламмемлекетініңбасшылығына
жасаған өсиетінің бір бөлімінде былай дейді:
«Ей, ұлым! Әскеріңмен, байлығыңмен тәкәппарланба!
Шынайы ғалымдар мен арифтерге құрмет көрсетіп оларға
сарайыңнан орын бер! Менің халімнен ғибрат ал. Мен әлсіз,
шамасыз күмырсқа сияқгы еш лайық болмасам да осы
жерге келіп, Аллаһ Тағаланың қаншама көмегі мен сыйы-
на қауыштым. Сен де мен үстанған және бас иген тәртіпке
бағын!
Хазіреті Мұхаммед Мұстафаның (саллаллаһу аләйһи уә
сәлләм) дінін, осы ұлық дінді ұстанушыларды және Оның
ізін басқан басқа адамдарды қарамағыңа ал! Аллаһтың хақы
мен құлдарының хақын дәріпте! Дініміз белгілеген мемле-
кет қазынасындағы кіріске қанағат қыл!
Үнемі әділ әрі қанағатшыл бол! Зұлымдыққа жол бер-
ме! Зұлымдықтан аулақ бол! Сені зұлымдыққа итермеле-