- 224 -
Хикмет
баспа үйі
Ерекше қасиеті - нәпсіні тазарту болған, мінәжат
дуғаларымен ауруларға шипа берген, өлілерді тірілткен,
көкке көтерілген Хазіреті Иса (аләйһиссәләм):
Соңында Хирадан әлемді оятып, адамзатты нурға
бөлеген Хазіреті Мұхаммед Мұстафа (саллаллаһу аләйһи
уә сәлләм) - бәріде осы ғайып әлемінің жаршысы болу мінде-
тін абыроймен атқарған.
Пайғамбарлардың фәни өмірлері арқылы жалғасып
тұрған бұл иләһи міндет, олардың дүние сахнасынан кетуле-
рімен аяқталмай, пайғамбар ізбасарлары болған ғұламалар
мен шәйхтардың мүбәрәк қолдарымен қияметке дейін
жалғаспақ.
Адамға ең қажетті нәрсе - жүрек көзімен көре білу және
жүрек құлағымен ести білу. Құран Кәрімде баяндалғанын-
дай, «саңырау» және «соқыр» адамдар дүниеден де,
ақиреттен де мақрұм қалады.
Нәмл сүресінің 80-81-аят кәримәларында:
«Әрине, сен өлілерге естірте алмайсың! Теріс бұрылып
кетіп бара жатқан саңырауларға да естірте алмайсың!»
«Сен соқырларды адасушылықган бұрып, дұрыс
жолға сала алмайсың. Тек қана аяттарымызға сеніп
мойынсұнғандарға тыңдата аласың!»
- делінеді.
Күпірлік, қарсылық, зұлымдық пен әділетсіздік тари-
хы, иләһи қаһарлардың қорқынышты мысалдарына толы.
Аллаһ пен пайғамбарлар көрсеткен жолға бағынбай қарсы
шыққандардың ертелі-кеш иләһи құдіреттің ащы азабы
мен ауыр көріністеріне тап болуы - бұлтартпас шарт әрі
өзгермейтін иләһи бір заңдылық.
Хазіреті
Мәуләнә
осы
ғибратты
көріністерді
шумақтарында былай көрсетеді:
«Желдің Ад қауымын не істегенін көрмедің бе? Судың
топанда не істегенін естімедің бе?"