Previous Page  215 / 282 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 215 / 282 Next Page
Page Background

- 216 -

Хикмет

баспа үйі

«Ей, дәруіш! Сен рухтыңтүңғиығына үңіл! Және барлық

нәрсені өзіңнен табуға бекін! Сенің сондай бір әлемнің

өзөгісің, сені лайықты түрде мадақтауға әлсізбін!»

Аллаһтың әмірлері мен тиымдарына сай өмір сүруден

басқа шара жоқ. Дүние мақсатымен, нәпсілерінің қалауы

бойынша өмір сүргендердің ақыры - ақирет өкініші.

Осы себептер шеңберінде адамдар мен жындар,

пайғамбарлар мен солардың жолын қуған ізбасарларына,

яғни кәміл-мүршидтерге мұқтаж. Осы өнегелі тұлғалар

арқылы ғана ақиқатқа жете алады. Олар - әлемнің теңдессіз

парасаттылық пен ақиқат үлгілері. Мақсат - солардың

өмірінен үлгі алып, Құран ахлағын, яғни Аллаһтың

ахлағын, бойға сіңіру.

Бір қызығы, адамдардың кейбіреулері материалдық ау-

рулар үшін дәрігергежүгіріп, қаражат төлейді. Бірақ, руха-

ни ауру болып саналатын ахлақи ауруларын тегін емдейтін

кәміл-мүршидтерге жүгінбейді.

Мәуләнә (құддисә сирруһ) рухани дәрігерлердің

материалдық дәрігерден айырмашылығын мына жолда-

рында баяндайды:

«Ол сыртқы дәрігерлер басқа. Олар жүрекке тамыр

ұстау жолымен қарайды. Кәміл мүршидтер болса, тамыр

үстамай-ак. журекке қарайды. Аллаһ берген көрегенділік

пен сырлар себебінен материалдықдәрігер-лерден өзгеше.

Сырттай дәрігерлер тек қана материалдық қоректер мен

дәрілердіңхакімі болып, материалдық қоректер мендәрілер

арқылы хайуани рухты, яғни, тәнді емдейді. Тән болса, он-

сыз да топыраққа сіңіп кетеді».

«Рухани дәрігерлер болса - Аллаһтың үлылық пен

айбындылық нұрының айнасы. Сондықтан Аллаһқа баруға

кедергі болған бөгеттерді жояды. Дәлелдері - көрегенділік,

аян мен иләһи сырлар. Емдегеніне ақы да сұрамайды».

Аллаһ Расулынан (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)

ғибратты бір мысал: