Previous Page  211 / 282 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 211 / 282 Next Page
Page Background

- 212 -

Хикмет

баспа үйі

ӘЛЕМ, ҚҰРАН ЖӘНЕ АДАМ

«Бір күні мен Аллаһ Тағаланың нұрын адам-

дарда көргім келді. Бейне бір теңізді тамшыда,

күнді зәррәда көргім келгендей еді!»

Хазіреті Мәуләнә

Ежелде жалғыз езі ғана болған ұлы Аллаһ танылуды

мақсат етіп, сипаттарының көрінісі арқылы осы әлемді

жаратқан. Аллаһ Тағаланың сипаттары (Құран Кәрімде

тоқсан тоғыз болғанымен) өте көп. Бұлардың кейбіреуін езі

ғана біледі. Екінші бір бөлігін тек пайғамбарларға ғана біл-

дірген. Бұл ілім соларда жасырын күйі қалған. Ғалымдар

да тоқсан тоғыз есімге кірмеген көптеген иләһи сипаттарды

біледі.

Осыбілінетінжәнебілінбейтінбарлықиләһисипаттардың

үш көрініс мекені бар:

а. Әлем.

ә. Құран Кәрім.

б. Адам.

Әлем - иләһи сипаттардың іс жүзіндегі, Құран болса -

сөздік көрінісі. Расында, ҚұранКәрім адамзаттың қияметке

дейін алып жүретін кемелдігі, ақиқаты мен сырларын

қамтиды. Бұл тұрғысынан ұқсасы мүмкін емес, теңдессіз

мұғжиза. Сондай-ақ Әнғам сүресінің 59 аят кәримәсында

былай делінеді:ٍ

��ِ�ُ�ٍ

ب

�َ�ِ� �ِ� �

�ِ

ٍا

�ِ��َ�َ � َ

ٍو

�ْ�َ

َر

�َ

و

«Жас, құрғақ не болса (барлығы) ап-айқын кітапта бар»

.

Басқа сөзбен айтқанда, Құран Кәрім – сөз түріндегі әлем

деген сөз. Адам болса сол әлемнің өзегі, дәнегі сияқты.