Previous Page  213 / 282 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 213 / 282 Next Page
Page Background

- 214 -

Хикмет

баспа үйі

ті Мүса (аләйһиссәләм) дүниеде тәртіп орнатуға міндетті

болған. Сондықтан оның өмірі дауылдар мен боран ішінде

жалғасқан. Ал сол Исрайл ұлдарының пайғамбары Хазіре-

ті Исаның міндетіндегі ерекше қасиет - нәпсіні тәрбиелеу.

Өйткені ол

«Рухұллаһ»

сипатымен аталған.

Хазіреті Пайғамбар Мырзамыз болса - иләһи есімдердің

ең кәміл көріністерін бойынажинақтап, «Әлемнің Мырза-

сы» болған. Сауатсыз бір қоғам мен надандардың ішінде

өссе де, қияметке дейін келетін үмметін ақиқат, мағрифат

және ләдүн ілемдерімен көмкеріп, мәжілістері, айқын те-

біреністер арқылы гүлстан; ақиқат дәрістерімен адамзатқа

және барлық жаратылысқа рахмет болған.

Пайғамбарлар белгілі бір уақыт аралықтарында кел-

се де, солардың жолымен жүрген және қоғамға үлгі

болған әулиелер үзіліссіз келген, қияметке дейін үзілмей

жалғасады.

Адамға қарай өзгеретін әртүрлі көріністерді түсіндіру

үшін Мәуләнә (құддисә сирруһ) Декукиден мысалдар келті-

реді: Декуки былай дейді:

«Бір күні мен Аллаһ Тағаланың нұрын адамдарда көргім

келді». "Бейне бір теңізді тамшыда, Күнді зәррәда көргім

келгендей еді!»

«Ақыл мен рух қадамымен жағаға жеттім, күн батып,

уақыт кеш болған еді».

Мәуләнә (құддисә сирруһ), салыстырмалы түрде хикая-

ны былай жалғастырады:

«Бірден алыстан жеті шам көрдім. Соларға жету үшін

жағаға жүгірдім».

«Әлгі шамдардың әрқайсысының нұры, тамаша түрде

көкке дейін көтерілген еді».

"Есім шыққаны соншалық - не істерімді білмедім!

Таңданудың толқыны есімнен тандырды!»