Хикмет
баспа үйі
- 215 -
«Өз-өзіме: «Бұлар қандай шамдар, осыншама жарық
бола түра, халықтың көзі оны көрмейді!» - дедім. Толған
айдан да жарықшамның алдында халықжарық іздепжүр!..
Халықгың көзінде перде болғаны ма; Бұл ақиқатты неге
көрмейді? Осыншама жарық айды көрмейді».
Мәснәуидің түсініктемесін жазған Исмайл Анкарауи Ха-
зіреті былай дейді:
«Бұл жеті шам дегені «жетілер» деп аталатын әулиелер
тобы. Декуки олардың физикалық болмысынан бұрын
нұрлары мен руханияттарын көрген. Өйткені, дүние мен
ақирет әлемінің ортасында "мисал әлемі" деп аталатын
бір әлем бар. Дүниедегі барлық нәрсенің сол жерде бір мы-
салы (үлгісі) бар. Сол үлгі мәңгілік әлемде басқаша түрде
көрінеді. Көрген түстердің көбі, осы мысал әлемінен келеді.
Салих және адал адамдар сол әлемге түс түрінде; үмметтін
таңдаулылары, яғни кәміл мүршидтер болса ояу кездерінде
кіре алады.
Сондай-ақ Хазіреті Мәуләнә Декукидің сездерін былай
жалғастырады:
«Сол көрінген шамдар Аллаһ Тағаланың ақыл жетпес
нүрының көріністері ме деп, оларды тамашаладым».
«Тартымдылығынан есімшықты. Өзімді бассыз, аяқсыз
сияқты сезіндім».
«Бір қарасам әлгі шамдар, жеті нурлы адам болды.
Олардың нұрлары көкке дейін жетті».
«Олардың нұрының қасында күннің жарығы күңгірт
түман сияқты қалды. Сол жеті адамның нүры, өз
нүрларынан басқа барлық жарықтарды жойып кетті».
Бұлардың барлығы әртүрлі көріністердің нәтижелері.
Хазіреті Мәуләнә (құддисә сирруһ), иләһи көріністер мен
сыйларға бөленгендердің халін былайша баяндайды:
«Ол адам осыхалмен бір қарағанда түсінгенін сөзбен
жылдар бойы түсіндіре алмайды. Түсінік пен сананың бір
сәт түңғиықтан сезгенін құлақ жылдар бойы тыңцаса да
түсіне алмайды!»