Хикмет
баспа үйі
- 207 -
Саған ғашық болып өтем,
Маған сен керексің, сен!
Сопыларға сұхбат керек.
Жомарттарға ақирет керек.
Мәжнүндарға Ләйлә керек,
Маған сен керексің, сен!..
Құлдың осы халге келуі тек қана нәпсісін тазарту
мен жүрегін сафтау арқылы ғана болады. Құл, осының
арқасында күнәлардан арылып, пәктікке қол жеткізеді.
Жүрек лупаның жарықты жинағаны сияқты, иләһи нұрға
бөленіп, руханияттың орталығына айналады да, барлық
күнәларды күл қылады. Бұл - саф жүрекке жету. Аллаһ
Тағаланың құзырында жақсы қабылданатын да осындай
жүрек. Аят кәримәда былай делінеді:
«Ол күні мал да, бала да пайда бермейді! Бірақ, Аллаһқа
саф жүрекпен (барлық кірлерден тазарған) келгендер
басқа!»
(Шұара, 88-89)
Өкінішке орай кейбіреулері бұдан бейхабар. Міне, осы
ғапылдық - дүние және әр түрлі қүмарлықтар арқылы
құлдың жойылуына себеп болады. Хазіреті Мәуләнә
(құдиисә сирруһ) былай дейді:
«Және біліп қой, халықдәруиштік пен пақырлыктан
қашып сол себепті құмарлықтарменжаман әуестіктердің
тұзағына түседі. Өйткені, дәруіштік пен пақырлықтан
қорқу (сол адамның өлімнен) қорыққандығына ұқсайды.
Тойымсыздық пен күйбеңді Үндістан деп біл!»
Дәруіштіктің абзалдығынан қашып, қүмарлықққа
тұншығудың қандай табыс болуы мүмкін? Тойымсыздық
пен күйбеңнің Үндістаны, маңдайдағы жазмышқа қандай
шара таба алады?
Осыған қарамастан адамдардың осы мәселеде әлсіздік
танытуын Хазіреті Әли (радиаллаһу анһу) былай айтады:
«Адамдар дүние зейнетіне шектен тыс қүмар болады.
Алайда дүниенің зейнеті қайғымен аралас».