Previous Page  204 / 282 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 204 / 282 Next Page
Page Background

Хикмет

баспа үйі

- 205 -

БҰЛ АҚШАМ ҮНДІСТАНДА

«Кімнен қашып барамыз? Өзімізден бе?

Қандай бос қиял! Дүние - Аллаһтан ғапыл болу

деген сөз».

Хазіреті Мәуләнә

Хазіреті Сүлейменнің сарайына таңғы уақытта бір адам

ентелеп келеді. Сақшыларға өмірлік бір мәселе үшін Ха-

зіреті Сүлейменмен кездесетіндігін айтып, дереу ішке кі-

реді. Хазіреті Сүлеймен (аләйһиссәләм), түрі бозарып,

қорыққанынан діріл қаққан адамнан:

«Не болды? Неге сонша қорқасың? Не керек? Маған айт»

- деп сұрайды.

Адам ентігіп:

«Бүгін таңертең алдымнан Әзірейіл (аләйһиссәләм)

шықты. Маған қырын қарап, алыстап кетті. Менің жаным-

ды алуға бел буғанын түсіндім».

«Жарайды сонда маған не істе дейсің?»

Адам жалынып:

«Ей, жандардың қорғаушысы, бейшаралардың панасы

болған Сүлеймен! Сенің қолыңнан барлық нәрсе келеді. Аң

- құс, тау-тас бәрі сенің әміріңе бағынады. Желге әмір ет,

мені осы жерден Үндістанға жеткізсін. Сол кезде Әзірейіл

(аләйһиссәләм) бәлкім мені таба алмайды.

Осылайша жанымды құтқарамын. Медет сенен!»

Хазіреті Сүлеймен адам соншама жалынған соң жаны

ашып желді шақырады:

«Мына адамды дереу Үндістанға жеткіз!» - деп әмір ете-

ді. Бұл жел... Бір соғады, бір ысқырады. Адамды алып бір

сәтте Үндістандағы бір алыс аралға жеткізеді.