Previous Page  196 / 282 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 196 / 282 Next Page
Page Background

Хикмет

баспа үйі

- 197 -

Адам да сол сияқты әулие құлдың руханият, фәйз бен

назарына бөленетін болса, оның рухында кәмілдік пен

парасаттық бастайды. Оның көңілі оқиғалар, заттар мен

мақлүқаттар алдында өлімнен қайта тіріледі.

Темендегі қисса осы халге тамаша бір мысал:

Бір күні Телемсан патшасы Сұлтан Яхия сарай

өкілдерімен бірге қаланы аралауға шығады. Оның және

оның қасындағылардың айбыны мен көрінісінен қорыққан

халық құрметпен тік түрып «Хан ием, кепжаса!» деп,

қошамет ете бастайды. Бірақ Сүлтанның көзіне бұл кепші-

лік емес, сәл ілгеріде жалғыз, қарапайым, дүниеден аулақ,

айналасына нүр шашқан бір адам түседі. Қасындағылардан

әлгі нұр жүзді қарт кім деп, сұрағанда:

«Сұлтаным, ол мәшһүр ТунистікШәйх. Бір үңгірде жеке

өмір сүреді» - дейді.

Сұлтанның көкейін көптеген сұрақтар кернеп, Тунистік

Шәйхтың қасына ат басын бұрады, ойындағы сұрақты одан

сұрамақ болып:

«Үстімдегі мына жібек киіммен намаз оқуға бола ма?» -

дейді.

Тунистік шәйх бұл сұраққа жауап бергісі келмей, оны

сарайдағы ғалымнан сұрауын өтінсе де, Сұлтан өтінішінен

бас тартпаған соң, былай деді:

«Бір итті ойласаңыз, бір хайуанның жемтігін тауып

алып, оны ауызы толғаншажеп, іш-сыртын нәжіске батыр-

са да, сарыған кезде кірленбеу үшін аяғын көтеруге тыры-

сады!»

Сұлтан қаһарланып:

«Не айтпақсың?» - деді.

«Менің айтпақ болғаным, сіздің асқазаныңыз бен тәніңіз

ең ауыр харамдар мен құл хақысына толы. Осылай бола

түра, сіз менен "жібек киіммен намаз оқуға бола ма?" деп

сұрайсыз?!»