Previous Page  194 / 282 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 194 / 282 Next Page
Page Background

Хикмет

баспа үйі

- 195 -

Бұл мәртебе - Мүшәһәдә мәртебесінің соңы болып санала-

ды. Бұл -сәйри-махабби мәртебесі. Яғни, жүректің нәпсінің

сипаттарынан және тұтқындығынан толық қүтылуы. Құл

көпшіліктің ішінде болған кезде Раббысымен бірге болған

кезінде де көпшілікпен бірге болу сипатына қол жеткізеді.

Көпшіліктің арасында Аллаһпен бірге болу халін мына

бір оқиға қандай тамаша көрсетеді:

Мұхаммед Париса Хазіреті қажылыққа кетіп бара

жатқанында Бағдатқа соғады. Көшеден өтіп бара жатып,

зергерлікпен айналысатын нұрлы жүзді бір жігітті көреді.

Жігіттің ісі қауырт болғандықтан үнемі бір нәрсемен

шұғылданып жатады. Хазіреті Пір оның дүниемен осын-

шама айналысқанын керіп, ренжіп, ішінен: «Тура ғибадат

ететін шағында өзін осыншама дүние ісіне арнаған!» - деп

ойлайды. Бір сәт мұрақабаға барғанда алтын сататын бұл

жігіттің жүрегінің Аллаһпен бірге екендігіне куә болып,

таң қалады. Бұл хал көпшіліктің ішінде бола тұра Аллаһпен

бірге болып, сонымен рухани оңаша қала білу, көпшілікте

бірлік халін ұстана білу болып табылады.

Раббысымен бірге болған кезінде көпшілікпен бірге

болуға келер болсақ, ол - пайғамбарлар мен қас құлдардың

халі. Тірі жүректерге тән бір жағдай, үмметтің қасіретіне

ортақтасып, олардың қайғысын бөлісудің белгісі.

Расулұллаһтың

(саллаллаһу

аләйһи

уә

сәлләм)

Миғражда Раббысына бізге мәні беймәлім екі садақтың

арасы, тіпті, одан да таяу қашықтыққа дейін жақындаған

қауышу сәтіндегі халі, осының нақты бір мысалы. Хазі-

реті Пайғамбар (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) сол иләһи

қауышу сәтінде де үмметін ойлап, Аллаһ Тағалаға былайша

мінәжат еткен:

«Иләһи! Құзырыңа үмметімнің нұқсан ғибадаты және

күнәсімен келдім».

«Иләһи! Сенен анамды да, әкемді де сұрамаймын,

үмметімді сұраймын, үмметімді уа Раббым!»