Previous Page  193 / 282 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 193 / 282 Next Page
Page Background

- 194 -

Хикмет

баспа үйі

Міне, осы ақиқатты түсініп, мендіктен қүтылғандар,

яғнинәпсініңжыртқыштырнағынанқұтылып, өлмейтұрып

өлгендер, осыжағдайлар-дың сыйы ретінде сүлу болып тірі-

леді. Тірілгенде Аллаһ Тағала олардың көретін көзі, ести-

тін құлағы, жүретін аяғы, үстайтын қолы болады. Құл осы

мәртебеде үлкен қауышуға куә болады. Хақтан басқаға на-

зар салмайды. Юнус Әмрә Аллаһқа қауышқаннан кейінгі

халдің өзін қалай тәнті еткендігін тамаша баяндайды:

Жандардың жанын таптым,

Бұл жаным талан болсын!

Ащы зияннан өттім

Дүкенім талан болсын!

Менмендігімнен өттім,

Көзімнің пердесін аштым,

Досыма қауыштым

Күмәнім талан болсын!

Юнус қандай жақсы айттың,

Бал-шекер жегенсің,

Балдың балын таптым

Ұям талан болсын!

Құлдың қол жеткізетін жоғары мәртебелерінің бірі - тек

қана Раббысының шрінісіне ие болып, Раббысынан басқа

ештемені көрмеу. Бұл мәртебеге жеткен құл Хақ жолында

фәни болады деген сөз. Бұл мәртебеде бір үлкен мұтасаввүф

айтқан мына бір ақиқат терең түсініледі:

"Аллаһтың айқындығы соншалық, айқындығының

күштілігінен көрінбейді?"

Бейне

бір

күннің

өзіне

қараған

көздерді

шағылыстыратындай жарық сәуле шашқан кезде оның

сәулесінің жарықтығынан өзі көрінбейтін халге келуі

сияқты.