Previous Page  186 / 282 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 186 / 282 Next Page
Page Background

Хикмет

баспа үйі

- 187 -

ЖАРАТЫЛЫС ҚАМАЛЫ

«Бұл топырақ тәннің қалауларынан

құтылмайынша, иіліп абылхаят иесіне

сәжде ету және сол рухани дарияның суы-

нан тойып ішу мүмкін емес».

Хазіреті Мәуләнә

Дария жағасында бір қамал бар еді. Қамал биіктеу

болғандықтан одан асып, дарияға жету мүмкін емес еді.

Қамалдың үстінде шөлден өртенген қайғылы бір адам бар

болатын. Оны суға жеткізбей тұрған үстінде отырған биік

қамал еді. Әлгі адам қамалдың үстінде тұрып суға ынтық

болған балық сияқты бұлқынып тұрды.

Кенеттен қамалдың үстінен бір кірпіш сынығын жұлып

алып, суға лақтырды. Кірпіш суға түскен кезде шығарған

дауысын абылхаяттай сезінді. Ол судың дауысының әуеніне

тәнті болды. Шөлдің михнатын тартқан бұл адам, судың

дауысынан алған ләззатқа батып, қамалдың кірпіштерін

қопарып-қопарып, суға лақтыра бастады.

Су оған:

«Әй, дәруіш! Маған бұлай жанталасып, кірпіш

лақтырғаның несі?! Уайымың не?»

- деп, дауыстады.

Шөлден қатқан дәруіш былай жауап берді:

«Ей, су! Оның маған екі пайдасы бар. Сондықган Бұл

өнерден, яғни кірпіш лақтырудан, бас тартпаймын».

«Бірінші пайда: Судың дауысын тыңдау, шөлдеген

адамға ән ырғағы сияқты».

«Және де судың дауысы өлген адамға, сол дауыс арқылы

қайтатірілугемүмкіндіктуғызатынИсрафилперіштенің

сүрі сияқты».