Previous Page  182 / 282 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 182 / 282 Next Page
Page Background

Хикмет

баспа үйі

- 183 -

Пайғамбардың (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) руханиятын

паналап, содан кейін барлық нәрсе аян (айқын) болды, мен

соның арқасында кұтылдым».

Пайғамбарлық - ақылдан тыс нәрсе. Ақыл руханиятпен,

яғни жүрек әлемімен бірлесетін болса, сол кезде ғана шы-

найы мәніне жетіп, нәпсінің қулықтарынан өзін қорғайды.

Әйтпесе нәпсінің тұзағына түсіп, нәпсінің құмарлықтары

мен әуестіктеріне бағынышты болады.

Және Құран Кәрім пайғамбарлардың қиссаларында

өздерін

ақылды

санайтын,

бақытсыз

залым,

қиянатшылдардың ақымақ істерін бір ғибрат көрінісі ре-

тінде көрсетеді:

Хазіреті Мұсаның немере ағасы Қарун Аллаһ Тағаланың

көптеген сыйына бөленген адам еді. Сонымен қатар Тау-

ратты да ете жақсы оқитын. Оған сырлы ілімдерден "алхи-

мия ілімі" берілген еді. Зүһд пен тақуалыққа ие еді. Бірақ,

Аллаһ Тағаланың оған қазына толы байлық беруі, Оны Хақ

Тағалаға жақындатудың орнына алыстатты. Байлығын

пұтқа айналдырды. Тіпті Мұса (аләйһиссәләм) Қарунға

зекетінің мөлшерін білдірген кезде ол:

«Бұларды мен таптым!» - деп жауап қайтарды.

Сөйтіп, дүние малы оны ақымақ қылғандықтан Хазіре-

ті Мұсаға (аләйһиссәләм) жала жабуға талпынды. Ақыры

қазыналарымен бірге жер түбіне батып, жоқ болды, иләһи

қаһарға ұшырады.

Екінші жағынан Хазіреті Хұсайынды шейіт қылған бей-

шара: «Бүгін мен дүниенің ең абыройлы адамын өлтірдім!»

- деп, рухани азғындығы мен ақымақтығын мойындаған.

Ақыл - адамдықтың қасиеті мен абыройын сақтауға

қызмет ететін, адамды басқа жаратылыстан ажырататын ең

қымбатқасиет.Жүрегіояуақылдыадамдарадамгершіліктің

қасиеті мен абыройына жетумен қатар отбасы мен халқын

да асқақтатқан.

Мәселен, II Бәязид дәуірі - Османлы мәдениетінің негі-

зі қаланған кез. Мәшһүр Италяндық сәулетші Леонардо да