Хикмет
баспа үйі
- 181 -
«Сен бір патша болсаң, айбынды - әшекейлі тәжің мен
тағың, есепсіз мал-мүлкің, әскерлерің болса да, Аллаһтан
басқа нәрсенің барлығы сені ақырындап жойылуға жете-
лейтіндігін жақсы білгейсің».
Юнус Әмрә Хазіреті қандай тамаша айтқан:
Мал иесі, мүлік иесі
Кәне, мұның алғашқы иесі?
Мал да жалған, мүлік те жалған,
Барып, енді сен аздап ермек ет!
Сол үшін Мәуләнә Хазіреті былай дейді:
«Өлім періштесі ғапыл байдың жанын алу арқылы оны
ұйқыдан оятады. Ол адам шынайы өзінікі емес мал-мүлік
үшін дүниеде тартқан қиыншылығына таң қалып, санын
соғады. Бірақ, бұл оған ешбір пайда бермейді».
Жер астына кіргеннен кейін пақыр қандай жағдайда
болса, бай да сол жағдайға тап болады. Ол жерде кім бұрын
не істесе, алдында соны көреді. Бұл дүниеден кеткендер
құл болсын, патша болсын, Шырын болсын, Фәрхад бол-
сын кеткендердің ол жердегі барлық қоры - не апарғанына
байланысты. Ол жер - құлдардың сұлтан, сұлтандардың құл
болған жері.
Хазіреті Мәуләнә былай дейді:
«Сүйеніші жел болса, қаншалықты шыдай алады? Сен
қабірде жалғыз қалғың келмесе, дүниең ізгіліктер мен
жақсылыкка толсын!»
«Өлімсіз жалғыз Аллаһ екенін білгейсің. Әйтпесе мына
ағып жатқан өлім селі тоқтамайды да дамылдамайды. Ке-
лулер мен кетулер бір -бірінің ізінен жүреді».
«Мен осы құрғақ дүниеде Хазіреті Нұхтың кемесі
сияқтымын. Топан да ақтық демім. Кемем ғайып әлемінде
тұзақтағытолқындардыкүтіптұр!Мендеүндеместердің
арасына кіріп, жатып ұйықтаймын! Енді осыншама дауыс
пен айғайым ақылы бар адамға жетпей ме?!»