Previous Page  165 / 282 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 165 / 282 Next Page
Page Background

- 166 -

Хикмет

баспа үйі

«Мысықтың алдындағы тышқан сияқты басылып,

қасқырдың алдындағы қозы сияқты өліп кетер едің».

«Ол

қара

жыланның

қорқынышын

айтсам,

қорыққаныңнан сол жерде-ақ күйзеліп кетер едің!»

«Егер сен ішіңдегі жыртқышты білгенде, алма жеуге де,

жүгіруге де, құсып, сол қара жыланды шығаруға да шамаң

жетпес еді».

«Мен сенен естіген жағымсыз сөздерге сабыр етіп, ішім-

нен: «Уа, Раббым! Жыланның шығуын жеңілдет! Мына

бейшараны құтқар! - деп дұға еттім. Сен маған қатты

сөздер айтсаңда, менің көңілімдегі иләһи мархабат сені сол

халде қалдыруға разы болмады. Өйткені, менің жаратылы-

сым мархабаттың нәрімен суарылған» - деді.

«Бұл Аллаһ досының ақиқатын түсінген адам не айта-

рын білмей, былай деді

«Ей, улы адам! Мына әлсіз адамның саған лайықты

түрде рахмет айтуға шамасы жоқ! Сенің бұл ісіңнің сауа-

бын Аллаһ берсіні».

«Ариф адамдардың берген уы дажанғашипа, рухқа қорек

боларын түсіндім».

Хазіреті Пайғамбар (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) бы-

лай деген:

«Іштеріңдегі дүшпанды айтатын болсам,

батырлардыңжүрегі жарылып, шөлде де жүре лмайды, еш-

бір іс істей алмай, шарасыз бұратылар еді. Тәнде құлшылық

етуге күш, жүректе тағат, сәйрү-сүлукке шара қалмас

еді. Олай болса, мен сендерді үнсіз, іштөріңдегіні сыртқа

шығармай тәрбиелеймін».

Пайғамбарымыз (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) осын-

дай болғаны сияқты, оның ізбасарлары болған әулиелер

де осындай. Олар да әрбір білген шындығын алдындағы

адамның пайдасы үшін айтпай, үнсіз қалады. Сонымен

қатар, алдындағы адамдардың жүрегіндегіні жарыққа

шығармайды, айыптарды жасырады. Сөзбен емес, кебінесе

іс-әрекеттерімен тәрбиелейді. Әулиелер тегиірдей қатайған