Previous Page  160 / 282 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 160 / 282 Next Page
Page Background

Хикмет

баспа үйі

- 161 -

«Міне, мынау - опасыз дүние, одан сақ болыңдар!»

- деді.

Хазіреті Мәуләнә (құддисә сирруһ) мал, мүлік пен жан-

ды Аллаһ жолында жомарттықпен жүмсау керектігі жайлы

былай дейді:

«Адамға алтынға құл болатындай не болды? Үлкен ма-

хаббатпен Хақ жолында жұмсамағаннан кейін інжу-мар-

жаннан не пайда? Алтынның алдында жылан сияқты бу-

ратылып, жерде аунау, адамды Аллаһтың құзырына құр

алақан жіберетін бір жамандык, болмағанда не?!»

Демек, адамның қалаулары (әуестіктері) құбылаға

айналғанда, адам өз әлсіздіктерінің табынушысына айнала-

ды. Негізгі ақиқаттары мен ішкі қабілеттерін жояды...

Өзін жыртқыш нәпсінің қолына берген адамның ақыры

қандай аянышты! Тәни тұрғыдан өмір сүру үшін, басқаны

ойлағысы келмейді. Ақиқатына көз жеткізетін өлім - өзі

үшін бастырылу (албасты) сияқты болады. Өйткені, өлім

болашақ қайғысын тудырады.

Адамның ең үлкен парасаттылығы топырақ жүмбағын

шешумен басталады. Пі ір, еңбек, көңіл топырақ астында

көбелекке айналмайын-ша, Бұл қараңғы мекеннің сырына,

байыбына, жақындығына жете алмайды.

Көкірегімізден шыққан әрбір дем жаназа сияқты біз-

ден алыстағанын көргенде, қорқынышты да беймәлім

болашақтың қараңғылығы ішімізге орнап:

«Кінәлі адамдай, болашаққа қараған сайын дірілдей-

мін!»

- зары аузымыздан шыққан соңғы сөзіміз болса,

емірдің мәні мен мағынасы не болар? Қабірдіңшекарасынан

аса алмаған бір өмір жолаушысының жасанды заттардың,

нәпсінің әшекейлері мен уақытша көлеңкелердің құлы бо-

луы қандай өкінішті!

Өмір - бесік пен табыт арасындағы тар дәліз және сапар.

Дүние өмірі - шексіз уақыт жолында бір сабынның кебігін-

дей ғана.

«Адамдардың түсінігінде пайда болған өмір түсінігі

не?» - деген сұраққа топырақтың дымқылдығы мен