Previous Page  155 / 282 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 155 / 282 Next Page
Page Background

- 156 -

Хикмет

баспа үйі

«Мен сені шақырғанда неге келмедің?» - деді.

Патша:

«Сенің маған қажетің жоқ, егер болса, келер едім» -деп

жауап берді.

Сонда Зұлқарнайн (аләйһиссәләм):

«Мұндай халді сізден басқа ешкімнен кергем жоқ?» - де-

генде патша:

«Иә, біз алтын мен күміске көңіл бөлмейміз. Өйткені,

Бұлардан аздап адамның қолына түссе, одан да артығын

сұрап, мазасы кететіндігін көрдік. Сол себепті дүниенің

соңынан ермейміз,» - деді.

Зұлқарнайн (аләйһиссәләм):

«Мына қабірлер не? Неге бұларды қазып, осы жерде

құлшылық етесіңдер?» - деп сұрады.

Патша:

«Дүниенің соңынан жүгірмеу үшін осылай жасадық.

Қабірлерді көріп сол жерге кіретінімізді есімізге түсіргенде

барлық нәрседен баз кешеміз,» - деді.

Зұлқарнайн (аләйһиссәләм):

«Неге жеміс-жидектен басқа нәрсе жемейсіңдер? Мал

өсіріп сүті мен етінен пайдалансаңдар болмай ма?» - деді.

Патша:

«Асқазанымыздың тірі жануарларға қабір болғандығын

қаламаймыз. Жеміс-жидектермен өмір сүреміз. Онсыз да

ары өткеннен кейін ешбірініңдәмін сезе алмаймыз» -

деп

жауап берді.

Хазіреті Әли (радиаллаһу анһу) былай дейді: "Пақыр

тойымсыз адам, бай - қанағатшыл адам». Өйткені, шектен

тыс қалаулар мен сұраулардың шегі жоқ. Мұндай шексіз

қалауларменсұраныстарыбарадамдардыңешқашанкөздері

тоймайды. Олардың көңілдерін жаулап алған ашкөзділік

ол жерде ықылас пен иләһи ғашықтыққа азғантай да орын