Previous Page  151 / 282 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 151 / 282 Next Page
Page Background

- 152 -

Хикмет

баспа үйі

Бірақ, әлгі азғын арыстан бізді босатып, сізден кешірім

сұраудың орнына қорқынышты түрде ақырып, шегінен

шығып:

«Ол сондай кім? Бұл орманның патшасы менмін! Менің

құзырымда оның атын аузыңа алуға қалай батылың бара-

ды?»

- деді.

Сосын одан бетер қорлап, жолдасымды тұтқынға алыл,

бұл жағдайды, яғни мықтылығын жеткізуім үшін мені сізге

жіберді.

«Ей, патшалардың патшасы! Жолдасым менен үш есе

үлкен еді, семіз әрі әдемі еді. Бірақ, осыдан кейін бұл

жол жабылды. Енді сізге жіберілетін күнделікті азықтан

үмітіңізді үзіңіз, не болмаса әлгі жүректі арыстанды өлтіріп

біздің жолымызды ашыңыз!»

Осы айтылғандарды сабырсыздана естіген арыстан ашуға

бұлығып:

«Кім бұл қорлап жүрген? Бұл орманда меніңғана үкімім

жүреді. Ол кім екен, тез айт?»

- деді.

Қоян жағдайға риза болып, екінші арыстанды қолынан

келгенінше әсерлеп түсіндіріп, азғын арыстанның намысы-

на тиді. Ақыры арыстан шыдай алмай.

«Алдыма түс! Ол немені көрсет! Оның да, ол сияқты

жүздегенінің де жазасын тарттырайын! Егер өтірік айтқан

болсаң, әрине, саған шамам жетеді,» - деп гүрілдеді.

Екеуі жолға шықты. Қоян алдын ала белгілеп қойған бір

құдыққа қарай жол бастады. Өйткені, бұл терең құдықты

арыстанның басына тұзақ етіп, таңдаған еді. Арыстан

мәселені біліп қоймас үшінжәне оның ашуынжаңалау үшін

істі бітірмек болып, құдыққа жақындаған кезде біраз кейін

қалды. Ашулы арыстан дереу ескертіп:

«Неге аяғыңды баспайсың? Артта қалушы болма, қане,

алдыма түс!» - деді.

Қоян үрейленген дауыспен:

«Ойбай, патшам! Менде қорыққаннан қол-аяқ қалған