- 158 -
Хикмет
баспа үйі
а
бір сәтте осы кеңілділігін басатын бір нәрсеге көзі түсті.
Жақсы көрген иті патшаны ұмытып, басқа нәрсемен айна-
лысып кетеді. Патша көңілсізденіп, қолындағыжібек жіпті
тартқанымен, ит қасарысып алдындағы сүйектің сынығын
кеміре береді. Бұл жағдайға таң қалып, ашу кернеп:
«Көз алдымда мені ұмытып, басқа нәрсемен айналысу де-
ген не?!» - деп айғайлады.
Қатты ренжіді. Итінің Бұл опасыздық пен салқын се-
зімі оның жанына қатты батқан еді. Ит қой деп, кешірім-
мен қарағысы да келмеді. Себеп соншама құрмет, ілтипат
пен сыйға қарамастан итінің бір сәтте бір сүйек үшін өзін
ұмытқаны еді. Ашуланып:
«Мына әдепсізге жол беріңдер!» - деді. Ғапыл тазы бұл
ашудың мағынасын түсінді, бірақ кеш еді, қолдан келетін
ештеңе қалмаған еді. Тіпті, айналасыңцағылар патшаға:
«Хан ием, үстіндегі әшекей, алтын-күміс - бәрін алып со-
сын жіберейік!» - дегенде, патша:
«Жоқ! Жіберіңдер солай кетсін!» - деді. Артынан:
«Жіберіңдер, солай кетсін! Сол қалпында сусыз,
ыстық, иен шөлде бейшара болып, ас-сусыз жүрсін,
сол үстіндегілерге қарап, айырылған сый-сияпатының
қиыншылығын тартсын!» - деді.
Аллаһ Тағаланың берген нығметтерінің қадірін білмей,
қарапайым, фәни, әрі түкке тұрғысыз пайданың соңынан
еріп, жоқ болып кетіп жатқан адамдардың халін керсететін
осы қисса қандай ғибратты! Осы халге тап болған адам ақыр
соңында Бұл фәни әшекейлердің бос нәрсе екендігін көреді,
бірақ, бәрі бітеді.
Хазіреті Иса (аләйһиссәләм) кезінде болған мына бір
оқиға да Бұл ақиқатты анық көрсетеді:
Бір еврей Исамен (аләйһиссәләм) жолдас болмақ болып,
былай дейді:
«Сенімен бірге жүріп, бірге сұхбаттасқым келеді!»