Previous Page  162 / 282 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 162 / 282 Next Page
Page Background

Хикмет

баспа үйі

- 163 -

НӘПСІНІҢЖАРАТЫЛУ ХИКМЕТІ

«Егер мен сол кезде сенің ішкі-жан

дүниеңдегілерден бір нәрсе айтқанда,

суқаның ұшар еді, қорқыныштан құрып

кетер едің. Мысықтың алдындағы тышқан

сияқты халге түсер едің!»

Хазіреті Мәуләнә

Жеңістің абыройы - оған жету үшін бастан кешірген

қиыншылықтар мен пәк тебіреністердің нәтижесі.

Хазіреті Адамның зәлләні, яғни еріксіз қателікті істе-

уі, оның жәннаттан дүниеге жіберілуіне себеп болды. Осы

жаңа мекенде үрпағын көбейтіп, бірақ сынаққа емтиханға

тап болып, кейбіреулерінің лайық болуының нәтижесінде

қайтадан жәннатқа оралуы - адамның ахсәни тақуим (ең

жоғарғы мәртебе) абыройына қол жеткізу үшін. Бірақ,

осы абырой мен мәннің артуы үшін Аллаһ Тағала адамды

«нәпсімен» безендірген. «Нәпсі» - қолжеткізетін нәтиженің

абыройы мен мәнін арттыратын үлкен кедергі.

Адамдарды лайықты болу арқылы өз ризашылығымен

жәннатқа қайтуға міндеттейтін Аллаһ Тағала солардың ал-

дына қойған нәпсі кедергісінен құтылудың мүмкіндіктері

мен дәнекерлерін де берген. Бұлардың ең бастысы -

«пайғамбарлардың» жіберілуі және олардың адамзатқа

қызметін қияметке дейін жалғастыратын әулие мен

«ғүлама» тізбегінің жалғасуын қамтамасыз ету.

Хазіреті Мәуләнә төмендегі хикаясында «нәпсінің жара-

тылу хикметін» бір мысал арқылы былай баяндайды: