- 164 -
Хикмет
баспа үйі
«Атқа мінген әмірші ағаштың көлеңкесінде ұйықтап
жатқанадамныңаузынабірқаражыланкіріпбаражатқанын
көреді. Жыланды қуу үшін атын тебінсе де үлгермеді».
«Сонда әмірші ұйықтап жатқан адамды қорқынышты да
өкінішті жағдайдан құтқармақ болып, барлық шеберлігі мен
өнерін қолдана бастады».
«Адамды бар күшімен бірнеше рет қамшымен ұрды. Адам
ауырғаннан орнынан атып тұрып, таяқ жеген әміршіден
қорқып, қаша жөнелді».
«Әмірші адамның соңынан қалмай, оны бір алма ағаштың
астында ұстап алды. Ағаштан түскен шіріген, иістенген ал-
маларды адамның тамағына тығып, оған күшпен жегізе ба-
стады. Бір жағынан:
«Ей, ауру бейшара, бәрін жейсің! Бұл қиыншылыққа
төзесің -деді.
«Бейшара адам қорқыныштан, түсінбей, таңданып
әміршіге:
«Ей, Әмірші! Мен саған не істедім? Маған не істемекшісің
және Бұл зұлымдығыңның себебі не? Егер менің өмірімде сенің
бұрыннан дұшпандығың бар болса, қылышпен өлтіре сал! -
деді.
Сені көрген сәтім қандай бақытсыз бір кез! Сенің түріңді
көрмеген адамдар қандай бақытты! Күнәсіз, таза адамға Бұл
зүлымдықгы ең үлкен залымдар да жасамайды. Бұл сөздерді
айтқан кезде де аузымнан қан ағып тұрғанын көріп түрсың!
Ант етейін, сендей мейірімсіз, ынсапсыз адамды көрген еме-
спін!
Ей, Раббым, Бұл залымның жазасын тарттыр! - деп
лағынет жаудырды».
«Бірақ әмірші Бұл сөздерден именген жоқ. Оның үстіне:
«Мына жазыққа жүгір, қане!-деп қамшылай берді».
«Бейшара адам әміршіден қорыққанынан әрі қамшы
батқандықтан желдей есіп, жүгіре бастады. Кейде бір жер-
ге токтаса қамшыжеп кайта түрып жүгірді. Бейшараның