Previous Page  158 / 282 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 158 / 282 Next Page
Page Background

Хикмет

баспа үйі

- 159 -

Хазіреті Иса Бұл тілегін қабыл алады. Бірге жолға

шығады. Бір өзенніңжағасына келіп, тамақтануға отырады.

Қолдарында үш шелпек бар еді. Екеуін жеп, біреуі қалады.

Бір кезде Иса (аләйһиссәләм) су ішуге өзенге барып, су ішіп

қелсе, қалған шелпек жоқ. Сосын:

«Шелпекті кім алды?» - деп сұрайды.

Еврей:

«Білмеймін» - дейді.

Сонда Хазіреті Иса сол кезде ештеңе дей қоймайды, бірге

жол жүре береді. Біраз жол жүрген соң Иса (аләйһиссәләм)

жол үстінде екі лағы бар киікті көреді. Бір лақты қасына

шақырады. Лақ келеді. Иса (аләйһиссәләм) мен қасындағы

еврей сол лақты сойып жейді. Сосын Хазіреті Иса киіктің

лағына:

«Аллаһтың бұйрығымен орныңнан тұр!» - дейді.

Киіктің лағы дереу атып тұрып, кетіп қалады. Иса

(аләйһиссәләм) еврейге бұрылып:

«Саған осы мүғжизаны көрсетушінің құрметі үшін

сұраймын: Шелпекті кім алды?» - дейді. Ол адам тағы:

«Білмеймін» - деп жауап береді. Бір өзенге барады. Иса

(аләйһиссәләм) еврейдің қолынан жетелеп, судың үстінен

жүріп, өтіп кетеді. Хазіреті Иса қайтадан:

«Саған осы мүғжизаны көрсетушінің құрметі үшін

сұраймын; шелпекті кім алды?» - деп сұрады.

Еврей тағы да:

«Білмеймін!» - деп, жауап береді.

Жүре береді. Құмдауыт бір жерге келіп отырады. Хазіре-

ті Иса құмды жинап үлкен төбе жасайды. Сосын:

«Аллаһтың бұйрығымен алтын бол!» - дейді.

Құм төбе дереу алтынға айналады. Иса (аләйһиссәләм)

төбені үшке бөліп, еврейге былай дейді:

«Біреуі менікі, біреуі сенікі, үшіншісі шелпек жеген

адамдыкі!» - дейді.