Previous Page  164 / 282 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 164 / 282 Next Page
Page Background

Хикмет

баспа үйі

- 165 -

асқазаны шіріген алмаға толып, қамшыдан бет-аузы кдн

жоса болған еді».

«Осыған қарамастан әмірші оны еш дамылдатпай, үзақ

уақытжүгіртті. Бейшараның шаршағаннан аяқ басатын-

дай шамасы қалмады.

Жағдайы нашарлап, артық шыдай алмай, жұмыршағы

көтеріліп, құса бастады».

«Әрбір жеген нәрсесі қиыншылықпен аузынан шықты.

Ақыры, шіріген алмалармен бірге ішіндегі қара жылан да

сыртқа шықты».

«Осы сәтте таң - тамаша болған адам асқазанынан

шыққан жыланның түрінен қатты қорықты. Дереу әлгі

салих әміршінің алында тізе бүгіп, былай деді:

«Расында сен Жәбірейілдің рахметі сияқты келген

екенсің! Менің қамқоршым екенсің!»

«Сені көрген кезім қандзй мүбәрәк кез! Сен болмағанда,

мен баяғыда аянышты түрде өлген болар едім. Сен маған

өмір сыйладың».

«Сенің түріңді көрген немесе сенің қасыңа келгендер

қандай бақытты!»

«Ей, пәк және мадаққа лайық қас құл! Надандығым мен

ғапылдығым маған саған қарсы қандай орынсыз сөздерді

айтқызды. Сол үшін мені кешір!»

«Егер Бұл халді аз да болса білсем, орынсыз сөздер айт-

пас едім. Сен науқасыныңшипа ы үшін оған ащы дәрі берген

керемет хакім сияқты болғандығыңды жасырдың. Мұны

маған айтқаныңда, мен мақтар едім. Бірақ сен үндемей,

одан бетер асқактап, ештеме айтпай мені ұра бердің!

Ақыры, білместіктен саған не айтпадым». Мені кешір;

айтқандарымды надандығыма бер!»

Сонда әмірші:

«Егер мен сол кезде саған ішіңдегі туралы бір нәрсе айт-

сам, жүрегің жарылып, қорыққаныңнан өліп кетер едің».