- 160 -
Хикмет
баспа үйі
Көздері алтынға шағылысқан еврей, сонда дереу:
«Шелпекті жеген мен!» - дейді.
Сонда Хазіреті Иса:
«Алтынның бәрін сен ал!» - деп, өзімен дос болмақ болған,
бірақ, дүниенің соңынан ерген өтірікші, тойымсыз еврейді
тастап кетеді.
Ғапыл еврей дүние малына алданып, алдамшы мастыққа
салынып отырғанда, қасына екі тойымсыз адам келеді. Ал-
тынды көріп, оларды алмақ болып, еврейді өлтірмек бола-
ды. Еврей жаны үшін:
«Өтінем өлтірмеңдер! Алтын үшеуміздікі. Бөліп ала-
мыз. Бірақ, алдымен біреуіміз қаладан азық алып келейік!
Қарнымызды тойдырып алайық, содан кейін алтынды бөліп
алармыз» - дейді.
Бұлпікірді бәрі мақұлдайды. Біреуінқалаға азықәкелуге
жібереді. Бірақ, кеткен адам жолда арамдық ойлап:
«Алтынды неге үшке бөлем? Қаладан алған азықтың
соларға тиесілісіне у қосамын. Олар оны жеп, өледі. Осы-
лайша алтынның бәрі маған қалады» - деп шешеді.
Ойлаған ісін істейді. Жолдастарына тиесілі тамаққа у
қосады. Бірақ, ол осылай істеп жүргенде, жолдастары да
тойымсыздықтан өзара:
«Алтынды неге үшке бөлеміз?! Екіге бөліп алсақ, көбірек
тиеді. Қалаға кеткен жолдасымызды келгеннен кейін бір
сылтаумен өлтірейік. Әкелген тамағына тойып алып, сосын
алтынды бөліп алармыз» - дейді.
Сөйтіп, ойлаған істерін жүзеге асырады. Қаладан
қайтқанжолдастарын бір сылтаумен өлтіреді де әкелген улы
тамақты тойып жеп алады. Аздан соң алтынның қасында
бұратылып-бұратылып жан тапсырады. Осылайша, үйілген
алтын ортада, ал үш тойымсыз өлген күйде дүниелік бір
тебенің қасында қалады.
Аз уақыттанкейінИса (апейһиссәләм) хауарилерін ертіп,
сол жерден өтеді. Осы көрініске куә болып, хауарилеріне: