Previous Page  154 / 282 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 154 / 282 Next Page
Page Background

Хикмет

баспа үйі

- 155 -

Хазіреті Мұсаның (аләйһиссәләм) кезінде жасырын

ілімдер, оның ішінде әсіресе сиқыршылық дамыған еді.

СондықтанХазіреті Мұса да аса таяғынжерге тастаған кезде

айдаһар сияқты керген. Сонымен бірге ол, таяғымен Қызыл

теңізді ұрған кезде теңізден жол ашылып, үмбеті өтіп кет-

ті. Тасаввуф ғалымдары ишари мағына ретінде Хазіреті

Мұсаның таяғының нәпсіні білдіретіндігін айтқан. Хазіре-

ті Мұса сол таяққа сүйенетін. Аллаһ Тағала оны тастатқан

кезде, нәпсінің қандай үлкен жыртқыш екендігін біліп,

қорыққан. Өйткені Раббы Мұсадан сұраған еді:

«Қолындағы не?»

«Уа Раббым! Таяқ».

«Оны не істейсің?»

«Оған сүйенемін».

«Менен басқа сүйенетін, паналайтын нәрсе жоқ екенді-

гін білмейсің бе? Оны қолыңнан таста!»

Хазіреті Мұса таяқты тастаған кезде оның ақиқатын

көреді. Содан ол нәпсісін тазартып, оның ақиқатын білу

арқылы қауымын жолға салып, сиқыршылардан басым

болған еді.

Зұлқарнайн

(аләйһиссәләм) өлім қаупі мен нәпсінің ке-

дергісінен құтылуға тырысқан бір қауымға жолықты. Ол

жердегі адамдардың қолдарында дүние байлығынан ештеңе

жоқ еді. Жидек жеп, күн керетін. Жидектерін қорғауға

қатты көңіл бөлетін. Сонымен қатар бұл қауымда әркім өз

қабірін қазып, күн сайын тазалап, құлшылықтарын осы

жерде жасайтын. Зұлқарнайн (аләйһиссәләм) бұлардың

патшасын шақыртады.

Патша:

«Маған ешкімкерек емес.Менкімге керек болсамқасыма

келеді» - дейді.

Зұлқарнайн (аләйһиссәләм) осы сөзден кейін патшаның

қасына барып: