Хикмет
баспа үйі
- 153 -
жоқ! Жаным дірілдеп тұр, жүрегім дүрсілдеп кетті. Мына
сарғайған түрім ішімнің қандай халге келгендігін айтпай
тұр ма?» - деді.
Арыстанның тынысы тарылып:
«Сен маған ауруыңның себептерін айтпа! Неге кейін
қалдың?» - деді.
Қоян сол баяғы қорқыныш пен үрей үстінде тасты орны-
на қойды:
«Өйткені сұлтаным, Әлгі арыстан алдымыздағы
құдықтың ішінде! Мен жақындай алмаймын, бір рет қатты
жүрегіме тиді!» - деді.
Арыстанның ашуы мен ызасы шегіне жетті. Қоянға:
«Қорықпа, алға жақында! Менің тырнағымнан пайда
болған жара оған өлім соққысы болады!» - деп, оны қасына
алды, ызамен құдықтың аузына жақындады. Ішіне қараған
кезде судан өзімен қоянның бейнесін көрді.
Дереу ырылдай бастады, құдықтағы бейнесі де ырылда-
ды. Қоян бұл мүмкіндікті де жақсы пайдаланды:
«Көрдіңіз бе, сұлтаным? Сізге қалай қарсы шығады?» -
деді. Арыстан көзі қызарып:
«Бір жерде екі сұлтан болмайды; оны жарып тастау ке-
рек»
- деп гүрілдеді.
Содан соң: «Күп» - деп құдыққа секірді.
Осылайша аңдарға жасаған зұлымдықтарының өкінішті
нәтижесін көрді.
Ол зұлымдықтар оған иләһи қаһардың тырнағында өлім
шұңқыры болды.
Парасатты қоян, жасыл далада секеңдеп, аңдарға
құтылғандықтарын сүйіншіледі. Алдында келеке етіп
айыптағандар бұл жолы айналасын қаумалап алды. Оны
орталарына алды. Құрмет көрсетіп:
«Сенаспаннантүскенперіштесіңбе?Әлдеарыстандардың
Әзірейілмісің? Ол залымды қандай қулықпен жеңдің?