- 154 -
Хикмет
баспа үйі
км
Қоян былай деп жауап берді:
«БұлАллаһтың сыйы. Әйтпесе қоянның қолынан мұндай
іс қайдан келсін! Мен тек қана Аллаһқа тәуекел еттім. Раб-
бым маған сол арыстанға қарсы бойыма күш, көңіліме
нұр берді. Осылар маған батылдық пен батырлық берді.
Ақылымды қолдануды, яғни нәзік ойлауды, үйретті. Осы-
лайша, менде сол азулы арыстанды тізе бүктіретіндей иләһи
бір құдірет пайда болды да, сол залымға бас имей, жанымды
құтқаруға қол жеткіздім, қауіптен құтылдым».
МӘСНӘУИ:
«Ей, адам! Сенің нәпсің бұл дүние құдығының түбіне
тойымсыздықтан, ашкөзділіктен секірген қапастағы
арыстан сияқгы. Нәпсіңді жеңіп, қоян сияқты еркін кез.
Сен қоян сияқты руханият гауһарының қадірін біліп оны
кемелдендірсең, руханият сахнасында ішіп-жеп, рахатқа
бата аласың. Нәпсің сияқты өсек-өтірік пен талас-тар-
тыс құдығының түбінде жойылып кетпе!»
Ғашық Юнус нәпсімен күресі жолында көңілінің хал-
дерін сезіне отырып оны біресе ауыр, біресе жеңіл түрде
қандай тамаша баяндайды
«Бір сәт келер Иса сияқты өлгендерді тірілтер,
Бір сәт келер тәкәппарлық үйіне Перғауын мен Хаман
болар!
Бір сәт келер Жәбірәйілге рахмет шашар әрбір мекен,
Бір сәт келер жолдан адасып міскін Юнус қайран
қалар!»
Әбу Мүжәһид (радиаллаһу анһу) былай дейді.
«Аллаһ жаратқан ең ақымақ болмыс - нәпсі. Өйткені,
үнемі өзіне теріс нәрсені қалайды».
Аллаһ (жәллә жәләлуһу) нәпсіні жаратқан кезде: «Сен
кімсің, мен кіммін?» - деп сұрайды. Нәпсі былай деп жауап
береді: «Сен сенсің, мен менмін!»