Хикмет
баспа үйі
- 151 -
«Мен онсыз да «ол төмендердің уәделері шикі және бос,
олар уәделерінде тұрмайды!» деп, айтқанмын. Қалайша
құлағыма алдамшы сөздерді айтып, көзімді байлаған! Мен
енді олардың терісін соймаймын ба?!» - деп сөйледі.
Дәл осы кезде ақылды қоян шыға келді. Аштығынан от
шашқан арыстан ашумен күркіреп:
«Қайда жүрсің? Неге кешіктің?» - деді.
Қоян өтірік сасқалақтап, алдымен терлерін сүртті. Со-
сын арыстанға езінің кінәсіз екендігіне сендірмек болып,
қарапайым керінуге тырысып:
"-Тақсыр, мен сыйлауда кемшілік жібергем жоқ. Рұқсат
етсеңіз, себебін айтайын!" - деді.
Арыстан сол ашумен:
«Ей, ақымақ! Патшаның құзырына уақытсыз келудің
қандай себебі болуы мүмкін?! Ақымақтың себебінің
кінәсынан да бетер екендігін білмейді деп, ойлайсың ба?
Мен сенің надан сылтауыңды біліміме у ететін қоян еме-
спін,» -деді. Қоян жалбарына түсіп:
«Патшам! Барлық өзендерге су беретін үлкен теңіздер
де сал-сабанды басына көтереді. Сен де бұл бейшараны
патшалық мәртебеңнің зекеті ретінде тыңда! Зұлымдыққа
ұшырап, жаны күйген бұл бейшараның себебіне құлақ
сал!»
Ақыры осындай сөздерге тоқтау үшін арыстан білмек
болып, шешкен кезде қоян алдында ойлағанындай сөйлей
бастады:
«Мен таң сәріде жолға шығып, келе жатыр едім, қасыма
маған жолдас болу үшін тағы бір қоян ере шықты. Бірақ, бір
сәтте алдымыздан бұрын-соңды көрмеген бір арыстан шыға
келді. Бұл жыртқыш менімен құзырыңызға келе жатқан
әлгі жолдасыма шапты, екеумізді де өлтірмек болды, мен
оған:
«Біз патшалар патшасының құлымыз, бізге тиіспе!» - де-
дім.