Previous Page  149 / 282 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 149 / 282 Next Page
Page Background

- 150 -

Хикмет

баспа үйі

Қоян былай дейді:

«Достар! Бұл сөздерді маған Аллаһ аян етті. Сондықтан

мен сияқты әлсіз біреуде осындай қуатты пікір пайда бол-

ды. Аллаһтың бал арасына үйреткен өнер мен мағрифаты,

арыстанда да жоқ, қашырда да жоқ, тіпті адамда да жоқ

екендігін көрмейсіңдер ме!»

Қоянның батылдығы мен ақылына таң қалған аңдар бы-

лай деді:

«Болмаса Бұл істің сырын айт! Ойлаған қулығың не? Бір

– бірінің пікірін сұрап ақылдасу ақылға көмек болады, көзді

ашып, табысқа жеткізетіндігін де білесің».

Көреген қоян мұндай жағдайда пікір айту ақылдасу

емес, сырды ашу болатындығын және осының нәтижесінде

атқарылатын ісінің бұзылатындығын ойлап, аңдардың бұл

талаптарын орындамады.

«Әрбір сырды айтуға болмайды. Тағдырдың айбыны

оның жасырындығында емес пе? Тағдыр қаншама көп бі-

лем дегендердің өзін шарасыз қалдырмай ма? Сондықтан

істің соңының не болатындығын алдын ала ашық айту

мүмкін емес, кейде тақ деген жұп, жұп деген тақ болады.

Айнаға қарсы сөз айтқандар оны буландырып ештеме көре

алмайды. Сол үшін арифтер пікір, ойға түйгендері, ақша

және мәзһәбтары хақында көп сөз айтпағ н. Өйткені,

Бұлардың дұшпаны көп, бұл тұрғыда аздаған мәліметті біл-

се, мыңдаған тұзақ құрады. Сонымен қатар сыр басқа бір

адамға айтылған кезде онымен қоштасу керек. Өйткені, екі

кісіге жеткен сыр, сыр болмайды, жайылып кетеді,» -деді.

Осылайша аңдармен ұзақ сөйлескен қоян біраз уақыт

өткеннен кейін олардың үрейлі де қорқынышты көздерінің

алдында жолға түсті. Бірақ, жолда да уайым-қайғысыз се-

кіріп, ойнап бара жатты.

Осы кезде арыстан күн сайын өзіне келетін ризығының

кешіккені үшін ашуланып, тойымсыздығынан жерді тыр-

малап, ақырып тұрды. Өзіне-өзі: