- 148 -
Хикмет
баспа үйі
НӘПСІ ҚҰТЫРҒАН АРЫСТАН СИЯҚТЫ
«Ей дәруіш! Мұса да Перғауын да сенің
болмысыңда бар. Бұл екі дұшпанды өзіңнен із-
деу керек! Уахидың сәулесімен жарқыра, сендегі
Мұса, сендегі Перғауыннан басым түседі».
Хазіреті Мәуләнә
Ұшы қиырсыз бір орманда бір азулы арыстан өмір
сүретін. Оның жасаған зұлымдығынан ормандағы барлық
жануарлар қорқатын. Өйткені, еш күтпеген жерде,
күтпеген уақыттарда сол азулы арыстан жануарларға
әртүрлі тұзақ құрып жандарына қауіп төндіретін. Ақыры
аңдар осылай үрейлі өмір сүргілері келмей, бір шара іздей-
ді. Әбден ойланғаннан кейін кеңес құрып араларынан біреу-
ді арыстанға жібереді:
«Ей, орманның патшасы арыстан! Күн сайын біреумізді
ұстап,жейсің!Бұғанайтарымызжоқ.Бірақбұлқиыншылық
неліктен? Сен орманның патшасысың тағыңда отыр, біз
саған күн сайын ішімізден біреуін жіберейік, сен де рахат-
танып жейсің. Осылайша сен де, біз де тыныштықпен өмір
сүреміз!» - дейді.
Арыстан бұл ұсынысты қабылдаудан бас тартты:
«Бұл ұсыныстарың бір қулық па, адалдық па? Адалдық
болса, бұл айтқандарың дұрыс, бірақ, мен қулыққа шы-
дай алмаймын! Өйткені, кесірткелер мен жыландарға көп
шағылғандықтан, бұл істе тәжірибем бар. Әрі еңбек етіп,
табуға бола тұра, маған негежалқаулыққа кеңес бересіңдер?
Неге себептерге жүгінбей, тәуекел етуімді қалайсыңдар?» -
дейді.