- 144 -
Хикмет
баспа үйі
Хазіреті Мәуләнә өз өлімінің «шәби арус», яғни, той кеші
болатынын айтып, өзінің тән қапасынан қүтылып "шексіз
сүлуға" қауышуын жеткізген кезде айтқан:
«Көңіл достарым сол кеште мереке жасап, менің халіме
қуансын!» - деген сөздерімен:
«Мен өліп, табытыма қойылған кезімде пай-пай, қабірге
қойылған кезде «Қош, қош» деме! Өйткені, өлім мен үшін
қайғыратын нәрсе емес, куанатын нәрсе,»
- деп айтқан
сөздері қандай мәнді.
Мәуләнә (құддисә сирруһ) «Дүние деген не?» - деген
сұраққа: «Рухтардың түрмесі!» - деп жауап береді. Жаны
жаралы Юнус бұл дүние түрмесінде көрген азабы мен
сағынышын бұлбұлға назданып қандай тамаша жеткізген:
Сен бұл жерде ғаріп қалдың ба,
Неге жылайсың, ей, бұлбұл?
Шаршап, жолыңнан адастың ба,
Неге жылайсың, ей, бұлбұл?
Қарлы таулардан астың ба?
Терең сулардан өттің бе?
Жарыңнан айырылып қалдың ба?
Неге жылайсың, ей, бұлбұл?
Хазіреті Мәуләнә басқа бір өлеңінде:
«Мен қызмет етіп, халыққа жол көрсетуге міндетті
болғаңцығым үшін дүние абақгысында отырмын. Әйтпесе
зындан қайда, мен қайдамын? Кімнің малын ұрлап,
абақтыға қамалдым?!»
- дейді.
Дүниеде әр қадам басқан сайын көздегенжеріңе барасың.
Әр дем алған сайын дүниеден өтуге жақындайсың. Екінші
жағынан рухтардыңмекені - рухтар әлемі. Әрбір демді алған
сайын негізгі мекеніңе жақындайсың. Қауыздағы судың
Бұланып, жоқ болатындығы сияқты, үнсіз ғана алған-бер-
ген демдермен өмір де бітеді.
Адамболсын,хайуанболсыннегізітопырақболғандықтан,
соның ішінде шіриді, жоқ болып, топыраққа айналады.