Хикмет
баспа үйі
- 139 -
Тәншектеуіненқұтылу үшінне өлу немесе өлгендей болу,
яғни иләһи әмірлер мен танымдарға шын көңілден байла-
нысу, оларды орындау қажет болады. Сол себепті Жүнәйд
Бағдади Хазіреті тасаввуфты:
«Хақ Тағаланың сені сендігіңде өлтіріп, өзімен тіріл-
туі»
- деп танымдайды.
Өйткені, құл дүние кірлерінен арылып Аллаһтың мейі-
рімін паналап иләһи нұрға бөленген кезде, ол бәлекеттерге
емес, бәлекеттер оған бас иеді. Сондай-ақ, иләһи ашу-
мен буырқанып, Аллаһтың дүшпандарын батырған су-
лар, Хазіреті Нух пен Хазіреті Мұсаға жар болған,
Нәмрудтың жүрегінен өкініш түтінін шығарған от та
Ибраһимге (аләйһиссәләм) гүлстан болған. Бұл оқиғалар
да кездейсоқтық емес, Аллаһ Тағапаның ізгі құлдарына де-
ген сыйы мен жәрдемінің көрінісін қамтыған мүғжизалар.
Бұларда әлде қайда қаншама хикмет пен ғибраттар бар.
Екіншіден бұл ақиқаттар иләһи сыйлардың оларға
лайықты болған басқа құлдарға да дәл сондай немесе
басқаша түрде берілетіндігін білдіреді. Бірақ, құлдың
міндеті - мендіктен, яғни ібілістіңтүбінежеткен сипаттан
құтылып, күнәлардан арылып, тек Раббысына бет бүруы
мен көңілін соның зікірімен толтыруы.
Бірақ зікір тек қана тілдің Аллаһ атын қайталауы ғана
емес, Аллаһ (жәллә жәләлуһу) түсінігімен иләһи көріністің
барлық болмысын қамтып, жүректе орын алуы екендігін
білу керек.
Үнемі зікір ету құлды керемет дәрежеге жеткізетіні сон-
ша, зікірдің ақиқаты, жүректің жаратылыс мақсатымен
бірлеседі. Жүрек зікірге толық айна болады.
Зікірдің ақиқаты - әріп, сөз бен дауыстан пәк жүректің
негізгі өзегі иләһи және Раббани болғандықтан пәк бір се-
зім. Екі құндылық осылайша заттықтан құтылып, бір-бі-
рімен бірігіп кетеді. Бұл дәрежеде зікір қорған сияқты
жүректі қамтып, мәсиуәдан қорғайды. Жүрек зікірде
жоқтыққа қауышады. Зікір етілген заттан, яғни Аллаһ