Previous Page  134 / 282 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 134 / 282 Next Page
Page Background

Хикмет

баспа үйі

- 135 -

«Ей, ұстазтотықұстар! Сендертаң сәріде даладафәйіз

шықтарына шомылған кезде бұл бишараны да естеріңе

алғайсыңдар!»

«Достардың досын еске алуы - мүбәрәк нәрсе, бақыт

үстіне бақыт. Әсіресе ескеруші Ләйлә, еске алынушы

Мәжнүн болса».

«Ей, үнемі бірге кезіп ұшқан тоты құстар! Сендер онда

еркін кезіп жүргенде, мен қапасымда жүрегімнен тамған

қанды ішіп жатырмын! Мені шат қылып, тірілткілерің

келсе, мен үшін ішкен шәрбәттарыңнан бірнеше жұтым

ішіп, Бұл жалғыз бишара бауырларың үшін топыраққа бір-

неше тамшы себіңдер!»

Тоты құстың сұранысын қабыл алған саудагер жолға

шықты. Үндістанға жеткен соң бұтақтан бұтаққа қонған

бірнеше тоты құс көрді. Оларға дауыстап, қапастағы тоты

құстың сәлемін жеткізді.

Хал тілімен жеткізілген қапастағы тоты құстың бұл

сәлемі, яғни жан айғайы, Үнді тоты құстарын қатты әсерге

қалдырды. Тіпті, араларынан біреуі естіген сөздерінен ді-

рілдеп, құлап, демі бітіп өліп қалды.

Саудагер бұл жағдайға қатты таңданды. Айтқанына

өкініп, өзіне-өзі:

«Бір тірі жанның өлуіне себеп болдым, күнәға бат-

тым. Бұл тоты құстың менің тоты құсыммен туыстық

қатынасы бар шығар, бәлкім. Мұны неге істедім? Неге осы

хабарды жеткізіп шикі сөздеріммен бишараның жанын

өртеп, күйдірдім?»

- деді.

Саудагер жұмысын бітіріп, еліне қайтқан соң басынан

өткен оқиғаларды таңдана, толқып, қайғыра, қапастағы

тоты құсқа жеткізді:

«Ей, тоты құс! Айтқаныма, айтатыныма әлі өкінемін,

өкініштен саусағымды тістеп қалдым! Алайда, соңғы

өкініштің қандай пайдасы бар?»

Иесін бар жан-тәнімен тыңдаған қапастағы тоты құс та

саудагердің сөзі бітпей жатып, қалаған жауабын алғандай