- 136 -
Хикмет
баспа үйі
болып дәл сол Үндістандағы тоты құс сияқты дірілдеп,
қапастың түбіне құлап қимылсыз қалды.
Бұл жағдайды көрген саудагер орнынан атып тұрып,
өкінішінен басындағы бөркін шешіп, жерге ұрды. Қатты
әсерленген еді. Жеңі мен жағасын жыртып, ойбайға басты:
«Ей, сұлу тоты құс! Ей, менің сұлу дауысты құсым! Не
болды? Неге осы халге тап болдың? Пай-пай, менің жол-
дасым! Егер Сүлейменнің (аләйһиссәләм) осындай құсы
болғанда, басқа құстарға алданбайтын еді».
Өйткені, құсы ол үшін қуаныш көзі, сұхбаттасатын жол-
дасы әрі сырласы еді. Өкініштен жылап-еңіреп отырып,
кейде:
«Берген Аллаһ, алған Аллаһ!» - дейді, кейде көлеңкеге ал-
данып, кейде ақиқатқа алпынды. Тоты құсынан айырылып,
күйіп-жанды. Теңізге түскен адамның салға жабысқаны
сияқты, өзіне жұбаныш іздеді. Кінәні тіліне артып, оны бы-
лайша тілдеді:
«Ей, тіл! Сен өлімге себеп болдың! Маған көп зиян
келтірдің. Енді мен саған не дейін? Ей, тіл! Сен әрі от, әрі
қырмансың! Бұл қырмандықашанға дейін өртейсің?Ей, тіл!
Жаным саған ренішті. Ол сенің әрбір айтқаныңцы орындаса
да, сенің қаншама ауыртпалығыңды арқалайды! Ей, тіл!
Кейде қас құлдардың тілі сияқты бітпейтін қазынасың,
бірақ кейде пасықтардың улы тілі сияқты дауасыз дертке
айналасың! Ей, ынсапсыз! Ей, жыланды інінен, адамды діні-
неншығаратынтіл!Маған ешқандай мейірімділік етпейсің
бе, өлтірмек болып, садағыңды оқтап алыпсың!»
- деді.
Ақыры саудагер біраз уақыт жылап-еңіреп алып, өлген
тоты құсты қапастаншығарды. Көмбек болып, орын әзірлей
бастады.
Міне, осы кезде өтірік өліп жатқан тоты құсқа жан бітіп,
ұшып кетті де, биік бір ағаштың бұтағына қонды.
Саудагер құстың істеген ісіне таң ж,алды. Сонда да
осының мәнін білгісі келіп, құсына былай деді: