- 138 -
Хикмет
баспа үйі
Үндістандағы құстардың қапастағы құсқа тәлімі:
«Өлмей тұрып, өліңдер!» бұйрығына мойынсұнудың
қажеттілігінен фәни тірлік тұтқынынан, осы жолмен ғана
құтылуға болады. Хазіреті Мәуләнә (құддисә сирруһ) былай
дейді:
«Өлсеңдер, ақиқат таңында тірілесіңдер!»
Үндістандағы тоты құс қапастағы тоты құсқа бұл тура-
сында былай дегендей еді:
«Сен де өл! Яғнитабиғи өлім келмейтұрып, өз нәпсіңнен
құтыл. Нәпсі тәніңнен өз еркіңмен өле біл, рухани өмірде
тіріл, осылайша рухани аспанда қанат қақ!»
Өйткені, өзінің нағыз ақиқаты бойынша өмір сүрмеген,
ішіндегі жасырын гауһардан бейхабар адамның өмірі,
тән қапасында жан берісіп, жан алысудан басқа не болуы
мүмкін?Шынайы өмір нәпсіден өлуден басталады. Өйткені,
бұл өлім - нағыз өмірдің өзі.
Сондықтан Хазіреті Мәуләнә былай дейді:
«Жан тоты құсының хикаясы да саудагердің тоты
құсының хикаясына ұқсайды».
«Ей, ғапыл! Осы құс сияқты өлсең, құтыласың! Дән
сияқты болсаң, сені құстар жинайды. Гүл сияқты болсаң,
сені бала-шаға жұлып кетеді».
«Дәніңді жасыр, алыста сақтан! Гүліңді сақта, шатыр-
лар мен дуалдың түбінде өскен шөп сияқты бол!»
«Яғни танылудан, өзіңді көрсетуден қаш! Қарапайым,
кішіпейіл бол! Осылайша жаман көздерден, әрі болдым,
толдым деп, шектен шығудан құтыласың!»
«Сұлулығын саудаға салған адам бәлекетке алақан
жайған болып саналады. Мұнысы, барлық жағымсыз на-
зарларды өзіне тартады. Дұшпандары бір жағынан, доста-
ры екінші жағынан оны жығуға тырысады. Бірі қызғанып,
екіншісі шектен тыс зиянды (артық) мадақтаулармен
өмірін құртады. Осы қауіптерден құтылу үшін тәннің
шектеуінен құтылудан басқа шара жоқ».