Previous Page  136 / 282 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 136 / 282 Next Page
Page Background

Хикмет

баспа үйі

- 137 -

«Ей құсым! Құдай үшін, бізге жағдайыңды айт!

Үндістандағы тоты құстан не түсіндің? Қулық жасап,

мені күйдіріпжібердің! Бұның сыры неде? Түсіндірші, мен де

осы рухани сырлардан нәсіп алайын! Мені мақрұм етпе!»

-

деді.

Сонда тоты құс былай деп жауап қайтарды:

«Хабарын жеткізген үнді тоты құсы маған үнсіз

әрекеттерімен бағдар көрсетті, насихат жасады.

Өртенген жаныма бейне бір өмір нәрін ұсынды. Маған:

«Сені қапасқа қаматқан сұлу дауысың!» дегенді білдір-

ді. Және: «Ей, үлкендерге де, кішілерге де сайрайтын! Ей,

ғалымдарды да, надандарды да көркем сайрауымен мас

қылған! Ей, адамдарды әсерлі сайрауымен баурап алған құс!

Есіңді жина, Бұл сайрауды тоқтат! Сенде мен сияқты өл

де, тұтқындықтан құтыл!» деді. Мен де берілген тәлімді

орындадым. Өзімді өлтіріп, құтылдым!»

Тоты құс сөзін жалғап:

«Ей, Мырза! Мен тұтқындықтан құтылдым, енді негіз-

гі орныма, мекеніме қайтамын. Сен де мен сияқты істесең,

тән қапасынан амандықпен құтылып, еркіндікке қауышып,

негізгі отаныңа, яғни атаң Хазіреті Адамның келген жері,

жәннатқа қайтасың! Осы балшық тәннен құтылып,

пәктікке қауышасың, өте жоғары дәрежелерге жетесің!»

-

деді.

Осы сөздерден әсер алған саудагер есін жинап, өзіне-өзі:

«Маған осыүгіттежетеді! Еңці мен детотыкусымның

жолын үстайын. Өйткені, оның жолы адамға ақиқатты

ұғындыратын, нүрлы жолға жетелейтін, мәңгілік өмірдің

шәрбәті болған абылхаят екендігін түсіндім!»

Хикаяда айтылған қапастағы тоты құс тәннің, яғни

нәпсінің тұтқыны болған рухты көрсетеді. Үндістандағы ер-

кіндікке батқан, бұтақтан-бұтаққа қонған тоты құстар бол-

са, дүниенің ләззаттарынан қашып, фәнилік пен заттықтың

тұтқынынан құтылған әулиелердің руханияттары.